Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының дидактикалық, педагогикалық, писихологиялық негіздемесі С.Рубинштейн, Л.С.Выготскийдің, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Ю.К. Бабанский, Б.П.Беспалько, В.М.Монахов т.б. ғалымдардың ғылыми-теориялық идеяларына негізделіп жасалған.
Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:
Танымдық деңгей. Бұл деңгейде жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.
Алгоритмдік деңгей – мүнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
Эвристикалық деңгейге оқушы ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығы байқалады.
Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады.
2. Синтаксисті оқыту әдістемесі, оның тәсілдері.
Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.
Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:
1.Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.
2.Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.
3.Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.
4.Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.
5.Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.
Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр:
Көшіріп жазу жаттығулары.
Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.
Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау.
Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу.
Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру.
Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою.
Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.
Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану.
Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау.
Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу.
Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |