1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет4/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
емтихан

Сөз тіркесін оқыту
Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады /1, 54/. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. 
Синтаксисті оқыту мәселелерін докторлық диссертация деңгейінде зерттеген Х.Арғыновтың еңбегінде көп ретте синтаксисте эмпирикалық деңгейде білім беру әдістері қолданылған.
3. Ойын технологиясы.
Ойын технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория.
Ойынның мақсаты –  ойын технологиясы арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет