Әдебиеттің тектері. Жанр, жанр түрлерін оқытудың өзіндік ерекшелігі.
Әдеби жанр (французша - тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады. Біріншісі -әдебиеттердің қалыптасқан тектері - эпос, лирика, драма; екіншісі - әдеби туындылардың түрлері - әңгіме, повесть, роман, поэма, комедия т.б. Жанр - даму үстіндегі құбылыс. Әрбір тарихи дәуірде белгілі бір жанрдың түп негізі сақтала отырып, өзгеріске ұшырайды. Жанрлар туады, дамиды, өзгереді, жаңадан пайда болады. Поэзия - әдебиеттің көне саласы. Поэзиялық шығармада сезім басты орында түрады. Лириканы оңыту әдебиетті оқытудың басты талабынан туындайды.
Дәстүрлі түрде алғанда әдеби тек үшке жіктеліп, әрқайсысының белгілі бір қызметі ңалыптасады.
Эпос - болмысты белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында, оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде су-реттейді.
Лирика - адамның ішкі сезім күйін, әр түрлі эмоцио-налдың жағдайын бейнелейді.
Драма - кейіпкерлердің тікелей қатысуымен олардың арасындағы тартыс, қақтығыстарды әлеуметтік-психологиялық сипатта беруімен ерекшеленеді.
Осылардың ішінде лирика өмірдің алуан түрлі құбылыстарына ақынның көзқарасын, күйініш-сүйініш сезімін, толғаныс тебіренісін көрсетеді. Лириканы талдау оқырманды өнерді эмоциялың эстетикалық жағынан түсінуге баулиды. Лириканы оқытуда мынадай мәселелер ескерілу керек:
- алдымен, лириканы оқуда эмоциялық, логикалық бірлікті сақтау керек;
- оқушының лирикалық шығармаға деген көзқарасы болуы шарт;
Оқиғалы шығармаларды сюжетті шығармалар дейді. Батырлар жыры, ертегілер, әңгімелер, хикаяттар мен романдар сюжетті шығармаларға жатады.
Жазушы шығарманы қызықты, тартымды ету үшін оның құрылысын әртүрлі етіп құрады. Кейде шығарма оқиғасы, тіпті шешімнің өзінен де басталуы мүмкін.
1. Шығарманы асықпай оқып, мазмұнын терең түсініп алу керек. Оның мазмұнын екінші біреуге қызықты етіп айтып беруге болатындай мұқият оқу керек.
2. Шығарма қандай тілде жазылған деген сұрауға жауап беру үшін екі ережені білу керек:
Белгілі бір тәртіпке бағынған, тізбекке түскен тіл, яки поэзия
3. Әдебиет тегі жағынан қайсысына жатады?
Әдебиеттің үш тегі бар, олар мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |