5.Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытуға аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Шарттары:
·Жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу.
·Түсінікті етіп оқыту.
·Танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану.
·Талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістемелерін қолдану.
·Аналогияны жиі қолдану.
·Бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау.
·Оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру.
·Оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену.
·Оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу.
·Белгілі мәліметтерді белгісіздермен байланыстыру.
·Ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар.
·Оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту.
·әрбір ережеге мысал келтіру.
·Негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап білу.
·Тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз.
· Сезімге, оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету.
·әрбір ережеге мысал келтіру .
·негізгіні түсіндіруге назар аудару.
·Оқушылардың сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу.
·«Неге?» деген сұрақты көп қойып, оқушыны дамыту.
·Дәйекті дәлелдермен оқыту.
·Дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану.
·Оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту.
Қазақ тілі пәні бойынша оқу жұмыстарын жоспарлау. Жоспар, оның түрлері. Қысқа мерзімді жоспар.
Оқу жоспары – оқу орындарында пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат. Оқу жоспары оқу орнының мақсат-міндетіне сай жасалады. Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу бағдарламалары мен
оқулықтарда айқындалады Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.
Типтік оқу жоспары – Білім және ғылым министрлігінде жасалып, барлық орта мектепке ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу. Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа,нақты және айқын болу керек.
Нысаны бойынша жоспар – мәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.
Жылдық жоспар
Тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Сабақ жоспары
Тақырыптық - күнтізбелік жоспарда әр сынып бойынша тұтас оқу жылында қамтылатын тақырыптар мен оларға бөлінген сағат саны белгіленеді. Бұл жоспар оқу бағдарламасы негізінде Қалалық білім бері бөлімінде жасалып, барлық мектепке таратылады. Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күндер бойынша орналастырылады.
Сабақ жоспары ТКЖ негізінде жасалады, яғни мұнда ТКЖ-да көрсетілген тақырыптар сабақ барысына ыңғайландырылады. Басқаша айтқанда, сабақ жоспары күнделікті өтілетін сабақ көлеміне байланысты (45 минут).
Сабақ жоспары жасалатын мақсатты мерзіміне қарай 3-ке бөлінеді:
Қысқа мерзімдіжоспар – ҚМЖ (күнделікті сабақ жоспары);
Орта мерзімді жоспар – ОМЖ (белгілі бір тарауға немесе көлемді тақырыпқа байланысты жасалуы мүмкін);
Ұзақ мерзімді жоспар – ҰМЖ (тоқсанға немесе оқу жылына жасалуы мүмкін).
Достарыңызбен бөлісу: |