1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Ойлау тәсілдері: талдау, біріктіру, салыстыру, абстракциялау, нақтылау, қорыту



бет49/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   134
емтихан

Ойлау тәсілдері: талдау, біріктіру, салыстыру, абстракциялау, нақтылау, қорыту.

Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға көшу қажет.Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Ойлау тәсілдері (операциялары) және формалары
Ой əрекетi барысында адам қоршаған дүниенi танып, бiлу үшiн ерекше ақыл қызметтерiн орындайды. Бұлардың негiзгiлерi: анализ, синтез, салыстыру, абстракциялау, нақтылау, жалпылау, жүйелеу.
Анализ – ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөлікке бөлу. Мысалы, балаларды қандайда өсiмдiкпен таныстыруда оның құрамын көрсетуден байқаймыз (тамыры, сабағы, жапырағы).
Синтез – ой арқылы заттардың, құбылыстардың барлық элементтерін біріктіреді. Анализ бен синтез бір-бірімен тығыз байланысты. Ой процесiндегi анализ бен синтез əрекеттерi оқу жұмысында аса үлкен маңызға ие.
Салыстыру – бұл əрқандай заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөлiктерi арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бiлуге бағышталған ой əрекетi. Күнделiктi тұрмыстық салыстырулар бiр затты екiншiсiне беттестiру арқылы жеңiл орындалады.
Абстракциялау – шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттен ойша бөліп алу. Мысалы, бiз көзге жағымды əсер еткен жасыл түстi ғана назарға ала отырып, ол түстес заттардың өзiне мəн бере бермеймiз.
Абстракциялауға қарама-қарсы операцияны нақтылау деп атайды. Нақтылау абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой.
Жалпылау – бір текті заттардың құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру.
Жүйелеу – жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет