1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет54/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   134
емтихан

Морфологияны оқыту кезеңдері

  • Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша жағдаят ұсынылады. Мәтін, сурет беруге болады.

  • Оқушылар сурет не мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, талқылайды.

  • Оқушыларға үйретілетін морфологиялық ұғымдарды арнайы сұрақтар құрамына қосуға болады.

  • Мұғалім сурет не мәтін арқылы дайын морфологиялық ұғымдарға құрылған мысалдар ұсына алады. Сол морфологиялық ұғымдарды түсіндіру, белсендіру тапсырмалары беріледі.

  • Морфологиялық бірліктер мен құрылымдарды мысалдар, ереже негізінде түсіндіреді.

  • Практикалық жаттығулар ұйымдастырады.

  • Оқушылардың морфологиялық бірліктерді дұрыс қолдануын қадағалайды.



  1. Сынып сағатын жоспарлау, өткізу.

Сынып жетекші — тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік пен шәкіртіне үлкен сеніммен қарайтын жан.
Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты.
Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті.
Бала тәрбиелеу – нағыз өнер, ал бұл өнердің бастауы – бала мектепке келетін отбасыдан басталады. Отбасыда баланың тұлғалық жеке қасиеттері, өзгелермен қарым–қатынасы, белгілі бір мінез бен әдеттері қалыптасады. Әрбір баланы тануға, оны жақсы көріп,оның қызығушылықтарын оятуға әрбір сынып жетекшіге тиісті.
Сынып жетекшілерге көмек ретінде сынып сағаттарын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынбақпын.
Қазіргі таңда тәрбие жұмысы сабақ процесімен бірге жүргізілуі тиіс. Қандай пәнді оқып жатсада оқушылар тәрбиелік мәні бар дүниелерді игеруі тиіс. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», деп данышпан Әл-Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына «буынып-түйінген» мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы – бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады.
Әр сынып жетекшінің сынып сағаттарын ұйымдастыруға төмендегідей міндеттерді басшылыққа алған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет