1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Сынып сағатын ұйымдастырудағы мынадай міндеттерді басшылыққа алу керек



бет55/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   134
емтихан

Сынып сағатын ұйымдастырудағы мынадай міндеттерді басшылыққа алу керек.
І. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау.
ІІ. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Ол үшін психологиялық тренингтер өткізу.
ІІІ. Сынып сағаттарының мақсаттары қол жетімді «SMART» (ақылды) болуы шарт.
І. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау.

  1. 10-11 жастағы 5 сынып оқушыларына кейбір күрделі тақырыптарды өткізуде қиындықтар туындайды, өйткені ол жастағы оқушылар бұл материалды қабылдауға таным түсінігі жетпейді. Мысалға, «Діни экстримизм» тақырыбында, «Мамандық таңдау» т.б. 5 сынып оқушыларына мысалы мынадай тақырыптарды алуға болады: «Дін туалы білесіңбі?», «Мен өскенде кім боламын?»- деген тақырыптар, бұл жас ерекшеліктегі оқушыларға тез ұғынады.

  2. 2. 14-15 жастағы яғни 8-9 сынып оқушыларына мысалы, «Діни экстримизм», «Мамандық таңдау» — тақырыптарында сынып сағаттарын өткізуге болады. 14-15 жастағы оқушылар бұл тақырып туралы мазмұнды теледидар, ғаламтор т.б сол сияқты ақпарат көздерінен біледі.

ІІ. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Ол үшін психологиялық тренингтер өткізу.

  1. Бірінші, тренинг өткізерде сыныптың көңіл күйін білу. Егер оқушылар шаршаңқы көрінсе, көңіл көтеретін тренинг өткізу. Себебі, балалар шаршап отырғанда сабаққа белсене ат салыса алмайды. Мысалы, түрлі билер, гимнастика т.б.

  2. Екінші, оқушыларды ынтымақтастыққа, достыққа шақыратын бір-бірімен қарым- қатынаста болуға үйрететін тренингтер өткізу. Мысалы,

  • Шаттық шеңбер

  • «Мен неге қол жеткізгі келеді»

  • «Мақсатқа жету»

  • «Аутотрениг»

ІІІ. Сынып сағаттарының мақсаттары қол жетімді «SMART» (ақылды)
болуы шарт.
Берілетін материал балаға қол жетімді мақсатта болуы керек. Оларға:

  • Сынып сағаты бала ұғымына сай болуы керек.

  • Бала оны өмірде қолдана білуі керек.

  • Қоршаған ортада болып жатқан оқиғадан алу керек.

  • Сынып сағаттарын өмір тәжіребиесінен алуы керек.

  • Оған көмек баспа сөз материалдары, кино немесе түрлі видеоматериалдар.

Сынып сағаттарын тиімді әрі қол жетімді болу сынып жетекшінің уақытын үнемдейді.
Әр сынып жетекші сынып сағаттарын ұйымдастыра отырып, балаға дұрыс жолды көрсете білуі қажет.
«Білім мен тәрбие» егіз. Тәрбиесіз берілген білім оқушыларды ізгіліктен тайдырып, жауыздыққа, озбырлыққа, өзімшілдікке, өктемдікке жетелейді. Сондықтан әрбір ұстаз, балалардың жүрегіне ізгілікті ұялатуды, ұлттық өнегені, өнерді үйретуді ұмытпау керек. Оқыта отырып тәрбиелеу – бұрыннан қалыптасқан әдіс — тәсілдің бірі.
Еліміздің президенті Н.А. Назарбаев өз жолдауында былай деген еді: «Білім жүйесінде түбегейлі кадрлық өзгерістер жүргізілуі тиіс. Дәстүрлі оқытушы (қажет білімдерді беруде және тәржімалауда монополист) сахнадан кетеді. Педагог-тәрбиешінің жаңа бейнесі жасалмақшы:ол зертеуші, тәрбиеші, кеңесші, жобалар жетекшісі болуы тиіс»-деген.
Адамдарға кемшіліктері жөнінде көп айтыла беретін болса, онда олар өздеріне деген, өз күштеріне деген және өз мүмкіншіліктеріне деген сенімдерін жоғалта бастайды» я, кемшіліксіз адам болмайды. Біздің ұжымда өз күшіміз бен мүмкіншіліктерімізге деген сеніміміз күн сайын артып, өз жұмысымызға деген махаббатымыз нығайып келеді.Мен оқушыларымды, өз мектебімді сүйемін және де ол сүйіспеншіліктің оқушыларымның жүрегінде де бар екеніне қуанамын.
15



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет