1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. «Білім туралы» Заңы



бет56/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   134
емтихан

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. «Білім туралы» Заңы

"Білім туралы Заңның" негізгі ережелері.
Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген.
Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі – жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты мімдеттер "Білім туралы" Заңның 8-бабында белгіленген. Олар:
1) Жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау.
2) Оқушының білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау.
3) Оқушының шығармашылығын дамыту.
4) Адамгершілік тәрбиесін беру.
5) Салауатты өмір салтының негізін жасау.
6) Баланың дамуына жағдай жасап, оған ақыл-ой тәрбиесін беру.
7) Елжандылыққа тәрбиелеу.
8) Қүқықтық тәрбие беру.
9) Саналы тәртіпке тәрбиелеу.
10) Қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы, дәстүрлерін, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту.
11) Оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
12) Білім беруді ақпараттандыру.
13) Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
"Білім Заңына" сәйкес бұрынғы кәсіптік-техникалық және орта арнаулы оқу орындары деген атау кәсіптік оның орнына бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, т.б. атаулар алынды.
"Білім туралы Заң" жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын мемлекеттің стандарттауын талап етеді. Онда оқушы меңгеруі тиіс негізгі білімдер, іскерлік дағдылар көрсетіледі.



  1. Оқу мақсаттары. Сабақ мақсаты. Бағалау критерийі. Дескриптор. Кері

байланыс. Рефлексия.

  1. Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Сабақтың басты міндеті - оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы мен ҰМЖ-дан алынып, тура сол қалпында ҚМЖ-да көрсетіледі. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі керек. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін.


Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен көрсетіледі: 7.2.1.3. Олар мынаны білдіреді: бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін (әр пән бағдарламасы екі бөлімнен тұрады), төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 7.2.3.1. кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «3» - оқу мақсатының реттік саны деп түсіну керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет