1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


-билет. 1.Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу



бет87/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   134
емтихан

24-билет.
1.Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу.
Адамның мінез бітістерінің түрлері қаншама көп болса, бұларды тәрбиелеудің жолдары мен әдістері сан алуан. Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді. Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету, 
яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады. Осы әдіс арқылы адамға қажетті мінез бітістерінің қандай болатындығы, бұларды 
қалайша тәрбиелеу қажеттілігі түсіндіріледі. Оқушылардыңсанасына сөзбен ұғындыру арқылы оқушылардың дүниетанымы мен сенімін, талғамы мен мұратын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін көркем әдебиет, газет-журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен падаланып отыру-мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар. Бала мінезін тәрбиелеуде отбасының, ұжымның ұлы адамдардың өнегесінің алатын орны ерекше. Осы әдістердің ішінен мына төмендегілер:
1.Мектеп оқушыларына ерік жігері аса күшті, ікерлігі мықты адам ретінде пофессор А.А Любищевтің өмірінен нақты мысалдр келтіру, мұны үлгі өнеге ретінде ұсынуға болады. Жасы сексенге келген ғалым зоология, генетика, философия ғылымдары саласында 500 табақтан астам еңбек жазған. Оның өмірі- уақытқа деген құнттылық, барынша ұйымшылдық, өз күші мен мүмкіндігін сарқа жұмылдырудың теңдесі жоқ мысалы. Ол елу жыл бойына күн сайынғы тыныс-тіршілігіне бүкпесі есеп жүргізіп, оның егжей – тегжейіне дейін жазып отырған. Мәселен, жая не көлікпен жүргенде, біреуді күткенде, кезекте тұрғанда, біреумен сөйлескенде, хат жазғанда, газет-журнал оқығанда, т.б. сан алуан жағдайларда әр минутты есептеп, оны тиімді пайдалануға тырысқан. Тәуліктің он сағаты бойына үздіксіз жұмыс істеп оның минутын дәлелдеп есептеген. Әр айдың әр жылдың соңында іс-әрекеттің нәтижесін шығарып, оған талдау жасап, жұмыстың орындалуын күнге, айға, тоқсанға, жылға әр түрлі ұзақ мерзімдерге бөліп қойған. Оның пікірінше, адамда артық, бос уақыт болмауы тиіс, тынығу дегеніміз іс-әрекеттің бір түрінен екіншісіне көшуі, кез келген уақыт ол үшін игілік көзі, оны бос өткізу ғылым санасынан орын алмайтын ұлы адамдардың өмірі туралы балаларға әңгіме айту олардың осы тақырыпқа байланысты кітап оқуына дұрыс басшылық жасап, бағыт беру, оқығандары жайлы әңгімелесу, пікірлерін тыңдау, мұғалімнің тәлім-тәрбие жұмысынан елеулі орын алып отыруы қажет.
2.Балалар ұжымы оқушы мінез бітістерін дамытатын және оны тереңдете түсетін шешуші фактор. Белгілі дәстүрі, жұмыс стилі барбалалар ұжымы өзінің әр бір мүшесіне түрлі талаптар қояды, олардың орындалуын үнемі қадағалап отырады. Келе – келе ұжымның жеке адамға қоятын талап – тілегіне да айналатын болады.
Ұжым адамның алдына мақсат қоя білуді, сондй-ақ, ол мақсатын қалай орындау жолдарын да үйретеді. Ұжым адамға жол көрсетіп қана қоймай, оны теріс қылықтан да сақтандырады, түрлі қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдеседі. Ұжымда өмір сүре білу, бір жағынан, оның өз күшіне сене білу мүмкіншілігін де қалыптастырады. Жалғыз адам еш уақыттада алдындағы қиыншылықтар мен кедергілерді жеңе алмайды. Сондықтан ол өз мақсатына жетуде үнемі ұжымның көмегіне сүйене отыруы қажет.
3.Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде еңбектің алатын орны ерекше.
Еңбек үстінде адам өзіне қажетті материалдық игіліктерді өндіру мен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінде дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзіне-өзі қызмет етуіне практикалық және психологиялық жағынан әзір болуы, адамның істегі дербестігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы қалыптасады.
Адам еңбек етпесе, моральдық жағынан азғындап бұзылады, пасық істерге барады. Еңбек әрекеті болмауы жалқаулыққа әкеліп, соғады, ондай адамның өмір сүруі мақсатсыз болады да, бұдан надандық, топастық,арамдық, зұлымдық сияқты небір шірік қасиеттер келіп шығады.
Тек қажырлық творчестволық еңбек қана адамды осы кемшіліктердің бәрінен сақтандырады, оның моральдық жағынан кіршіксіз таза болуына жағдай жасайды. Адам тек еңбек ету арқылы ғана өзінің алдындағы мақсатын сезіне алады және оған жете алатына сенімі мол болады.
4.Оқушыларға талап қоя білу, оның тәжірбиесін қадағалау. Оқушыларға талап қойып отыру, оның нәтижесін қадағалау баланың мінезін тәрбиелеудегі басты әдістердің бірі. Өйткені адамға тиісті талап қойылмаса, тапсырылған іс қадағаланбаса, берекесіздік туады.Адамға, тіпті, кішкентай кезінен бастап түрлі талаптар қойып, міндеттер жүктеп отыру оны жауапкершілікке, өзінің борышын түсіне білуге тәрбиелейді. Талап қою, міндет жүктеу балаға оқуға түскеннен кейін ерекше байқалатын болады. Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің тапсырмаларын орындауға дағдыланады, оның талап-тілектерін орындау оқушы үшін заң. Міндет алу, басқа адамың талабын мүлтіксіз орындап шығу – үлкен жауапты іс. Осы айтқандарға орай, баланың психикасы да күр өзгере бастайды. Өйткені, мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәнісіндегі талап қоюшылық – міндет алушылық болмайды. Міндет алу, белгілі талаптарды орындау оңай емес. Талап қоюдың түрлері әдістерін адамның дара ерекшеліктеріне қарай әр жағдайда түрліше падаланып отыру қажет. Талап қоюдың қарапайым түрі кесімді түрде бұйыру. Адамға талап қою, оны бір нәрседен сақтандыру тиым салу түрінде да болып отырады. Дұрыс талап қоя білудің тиімділігі, тәрбиелік мәні ұстаздың байптылығына да байланысты. Талап қоя білу – үлкен өнер. Оқушыларға жөндеп, талап қоя алмайтын мұғалімнің сынып ұжымын ынтымаққа, бір ауыздылыққа тәрбиелеу алуда қиын. Балаға дұрыс талап қоя білумен қатар, оның іс – әрекетін қадағалап отыру да қажет. Бақылау жүргізу оқушының іске жауапкершілігін арттырады,өзіне деген сенімін күшейтеді, әрекетінің қоғамдық маңызын аңғара білуге, сөз бен істің арасындағы алшақтықты жойып отыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға талап қоюмен олардың іс әрекетіне бақылау жүргізуде мұғалім мына төмендегілерді ескеріп отырады. Біріншіден, әр уақытта күмәнсіз орындалатын нәрселерге ғана талап қойылуы қажет. Балаға ауыр талап қою, сондай-ақ, оның шамасы келетін-келмейтінінескермеу әрқашанда да жақсы нәтие бермейді. Сондықтан талап дәл, анық, нақтылы болып, одан қайшы пікірлер орын алмауы тиіс. Екіншіден, талап ықшам сөздермен қойылып, оның орындалу жолын бала жақсы түсінсе ғана нәтижелі болып табылады. Үшіншіден, талап баланың ожданын сыйлау жағдайында қойылғаны жөн. Ең негізгісі оның орындалғаны жөнінде баладан есеп алуды ұмытып кетпеу керек. Осы айтылғандарды ретіне қарай асырып отыру, мұғалім мен ата-ананың шеберлігін қажет етеді. Мінезді тәрбиелеуде адамның қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны мадақтап, отырудың маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі -мақұлдау. Егер адамның ісі мақұлданып отырса, ол әрекет етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен, “бәрекелді”, “дұрыс”, “жақсы”, “тамаша” т.б. осы секілді сөздер адамның жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Баланың әр бір ісіне әділ баға беріп отыру, мұғалімнің беделін одан сайын арттыра түседі. Мұғалімнің адамгершілік қасиеті неғұрлым жоғары болса, оның беделі мен өнегесі де, балаларға тигізетін әсері де жақсы болып келеді. Балаларды айқай – ұйқаймен басқарғысы келетін мұғалімдер де болады. Мұндай мұғалімдер көп сөйлейді, ал бала көп сөйлегенде жаратпайды, бала мұғалімнің қай сөзін тыңдарын білмей дағдарады.
Баланың мінезін қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын кезінде көре біліп, ретіне қарай оған түрлі жаза қолданып отырған да дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсат – теріс жоға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. Бұл әдістің маңызы да осында. Жазалауды да мадақтау сияқты ептілікпен, ерекше байсалдылықпен қолдану қажет. Үшінші, төртінші сынып оқушылары өздерінің тәртіпсіз істерінен ұяалтын, жапа шегіп, қапаланатын дәрежеге жете бастайды. Мұндайда кінәсі үшін әділ жазалау оны қатты ойландырып, мінез-құлқын өзгерте бастауға себепші болады. Бала тек кінәсіне сәйкес жазаланғанда ғана жоғарыда айтылған көңіл – күйлерін басынан кешіреді. Бала теріс жазғырылса, бұл оның мінез тәрбиесіне кері әсер етеді. Егер осындай жағдай қайталана берсе, ол әділеттілік, шыншылдық деген ұғымға жөнді мән бермейтін болады.
5.Оқушының мінез бітістерінің қалыптасуында дене шынықтыру жаттығулары мен тұрақты күндік режимінің де тигізетін пайдасы мол. Дене шынықтыру жаттығулары адамдарды ерлік пен батылдыққа,табандылық пен өз күштеріне сене білуге тәрбиелейді. Жүзу,суға қарғу,жарысу,секіру,жаяу және шаңғы жорықтарына шығу тағы басқалары адамдардың мақсатқа ұмтылушылығын, жүректілігін, шыдамдылығын, өзін-өзі меңгере алу қабілетін, бір сөзбен айтқанда, дене күшіне түсетін барлық қиыншылықтарды жеңе білу шеберлігін қалыптастырады, аса қиын жағдайларда да шыдамдылық көрсетуге, төзе білуге машықтандырады. Үнемі спортпен айналысатын адамдардың жұмыс қабілеті де күшті болады. Олар күш-қуатының молдылығымен, үнемі шат көңілділігімен көзге түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет