1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті



бет20/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

Санауға үйрету.
Балаларды санауға үйрету және санау жөніндегі олардың түсініктерін тереңдету - негізгі міндеттің бірі.Санауға үйретуде мыналарға көңіл бөлу керек:1) сан есімдерін ретімен атау; 2) әр сан есімді жиынның тек бір затына сәйкестендіру; 3) қорытынды санды ұғып алу: санағанда соңғы аталған сан - саналған жиынға қатысты және жиын элементтерінің жалпы санының көрсеткіші болып табылатынын түсіну.

Жиындарды жекешелеу және қорытынды санмен атау.
Жиындардың сандарын салыстыру және олардың "көп" және "азын" ажырата білуден санап үйретуді бастау керек.Бұл жиындардың айырмашылығы олардың сандық құрамының бір элементінде болуы керек. Балалар жиындарды былай анықтайды: сан жағынан біреуі үлкен, ал екіншісі кіші.

Жиын ұғымы.
Қарапайым математикалық ұғым қалыптастыру жұмысы 4 жастағы балалармен жиын туралы ұғым қалыптастырудан басталады.Жиынның бірліктерден тұратынымен таныстырып ажырата білуді үйретіледі

4 жастағы балаларда сан және жиын, көлем және геометриялық пішін, кеңістікті және уақытты қабылдауды қалыптастыру


2. Геометриялық фигуралар туралы білімдерін қалыптастыруға арналған ойындар мен ойын жаттығулары.


Үйдің есігін жабайық
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал - жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
Жұбын тап
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал - жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет