2. Санауды үйретуге арналған ойындар мен ойын жаттығулары.
Сиқырлы қалта»
Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету. 1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау. 2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау. Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын
«Өз орныңды тап»
Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.
Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.
9-билет
1.Төрт жастағы балаларда сан және жиын, көлем және геометриялық пішін туралы түсініктерін қалыптастыру
Кеңістік және уақыт.
Балалармен кеңістік пен уақытты бағдарлау бойынша "Ненің қайда тұрғанын" тап сияқты ойын түрінде сабақтар өткізуге болады.Топ алдына шақырылған бір бала өзінің алдында, артында, оң жағында, жоғарғы жағында, төменгі жағында не тұрғанын анықтауыш тиіс.Балаларды тәулікпен, оның құрамымен және ауысып отыратындығын алдын ала таныстырса, олар бүгін, кеше,ертең деген ұғымдарды меңгеруге қиналмайды.
Көлем. Геометриялық пішін.
Педагог балаларды ойын кезінде, сабақта және күнделікті өмірде геометриялық фигуралардың атымен бірте-бірте таныстырып отыруы керек.Бұл фигуралардың қалай аталатынын педагог балаларға естіртіп айтады. Балалар бір нәрсе құрастырғысы келсе, педагог оларға цилиндрлерді н/е кубтарды құрастыру ға ұсынады. Сабақта сондай-ақ санау үшін қажетті үлестірмелі материалдар беріледі. 4 жастағы балалар геометриялық фигураларды ажырата да, атай да алады.
Достарыңызбен бөлісу: |