1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті


Сенсорлық стандарттарды дамытуға арналған ойындар мен ойын жаттығулары



бет22/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

2. Сенсорлық стандарттарды дамытуға арналған ойындар мен ойын жаттығулары.
Қай жерде қандай пішіндер?»
Мақсаты: балаларға дөңгелек және төртбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді ажыратып, атай білуге үйрету. Түр-түстерін, пішіндерге ұқсас заттарды ажырата білуге үйрете отырып, балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, үлкен, кіші доптар, кубиктер, шар және үлестірмелі материал
Ойын шарты:
Әрбір жерге геометриялық пішіндер қойылады, түрлері әр түрлі әр балаға геометриялық пішіндер таратылады. Сол бойынша бала қолындағы пішінге ұқсас геометриялық пішінді табуы керек. Ойын осылай жалғаса береді.
Матрёшканы сәндеңіз»
Ойынның мақсаты: балаларға геометриялық фигураларды есте сақтауға үйрету. Заттарды түсі бойынша топтастыруға, заттарды қабаттасу әдісімен формамен байланыстыруға үйрету. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Балаларға заттардың түс қасиеттеріне назар аударуды үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: геометриялық өрнектері бар матрешка-схемалар, геометриялық пішіндер (шеңбер, сопақ, тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш), үш түрлі шамалар (үлкен, орта, кішкентай).
«Көлемі бойынша орналастыр»
Ойынның мақсаты: балалардың "жоғары" -"төмен" кеңістік ұғымдарын қалыптастыру
Ойынның мазмұны:
1 нұсқа: ойыншықтарды сөреге кему ретімен орналастырыңыз
2 нұсқа: ойыншықтарды сөреге өсу ретімен орналастырыңыз
«Шарларды топтаңыз»
Ойынның мақсаты: заттардың мөлшері туралы, «аз-көп» ұғымдарын қалыптастыру, заттарды саны бойынша салыстыра білу;
Ойынның мазмұны:
1 нұсқа: жаңа жылдық шарларды түсі бойынша топтарға жинаңыз
2 нұсқа: жаңа жылдық шарларды өлшемі бойынша топтарға жинаңыз
Ойын қорытындысы:
Бала заттарды топтарға бөлгеннен кейін сұрақ қойыңыз:
- Қандай шарлар көп? Қандай шарлар аз?
- Қай шар үлкен? Қай шар кішкентай?
11-билет
1.Математикалық мазмұндағы оқиғалы-рөлді ойындарды ұйымдастырып өткізу. Ойын және көрнекілік тәсілдерінің рөлі.
Балабақшадан бастап баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту.
Тәрбиеші күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс - әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Яғни балалардың өй өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады
Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс - тәсіліне ү лкен мән беріледі, сонда ғана оқу іс - әрекет балаларға пайдалы, қызықты болады. қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал, баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады
1. Пішіндер әлемі
Ойын шарты:
Геометриялық фигуралар дайындағанда көлемдері бойынша әрқилы ғып дайындаймын және балаларда көлем, пішін, саны жайында түсінік қалыптасады.
Бала сипаттағанда:
«Үлкен – үлкенірек – ең үлкен»,
«кішкентай – кішірек – ең кішкентай»,
«биік – биігірек – ең биік»,
«ауыр – ауырырақ – ең ауыр»,
«жеңіл – жеңілірек – ең жеңіл»,
«терең – тереңірек – ең терең»,
«жарық – жарығырақ – ең жарық»,
«қараңғы – қараңғырақ – ең қараңғы» және т. б. тиісті салыстырмалы және таңдаулы шырайдағы салыстырмалы сын есімдерді дұрыс өзіндік дербес қолдануға үйретемін.
2. Санына қарай салыстырайық ойыны
Ойын шарты:
. Бастапқыда балаларға қай жерде ойыншықтың көптігін, ал қай жерде аздығын көзбен анықтауды ұсынамыз, яғни, үзіліссіз мөлшерлерді салыстыра бастаймыз. Алғашқы мысалдардың жауаптары көзге көрініп тұруы қажет.
3.«Жеуге жарайтын – Жеуге жарамайтын» ойыны
Ойын шарты:
Осы ойынды топпен жіктеу ойынын бәріміз білеміз. Ұқсастығына байланысты басқа да белгілерді таңдауға болады:
тірі – тірі емес, қозғағышы бар – қозғағышы жоқ, дөңгелегі бар – дөңгелегі жоқ және т. б
4.«Төртінші артық» ойыны.
Ойын шарты:
басқаларына сәйкес келмейтін затты «геометриялық пішінді) алып тастау немесе боямау керек және топты жалпылама сөзбен атау қажет.
Есту арқылы жұмыс жасау: тәрбиеші сөздер айтады да, солардың ішінде басқаларға сәйкес келмейтінді бөліп көрсетуді сұрайды,
мысалы: 3 шеңбер, 1 төртбұрыш (пішін бойынша), 3 қызыл пішін және 1 жасыл пішін (түс бойынша)
5.«Мен не жасырдым?» ойыны.
Ойын шарты:
Балалардың алдына 3 - 4 түрлі заттар немесе қос суреттер қойылған. Балаларға сұрақ қою арқылы мен айтқан карточкамды немесе затты табуы керек. Әрбір сұрақтан кейін, әрі қарай қарастырылмайтын карточканы алып тастатып отырамын Мысалы, «Ол тірі ме?» деген сұраққа «иә» деп жауап берілсе, тірі емес заттар бейнеленген карточкаларды төңкеріп немесе алып тастаған жөн, ол баланың әрі қарай ізденуін және сұрақ қоюын жеңілдетеді.
6. 1 - 10 - ға дейін санау ойыны
Ойын шарты:
Бала 1 - 10 аралағында таңбаларды тани білу. Аталған санға байланысты қимыл жасап үйретемін. Мысалы шапалақтап санау, немесе түрлі санамақпен жаттатамын
7. «Орнынды тап» ойыны
Ойын шарты:
Балалар реттік номерімен тұрады да тәрбиеші «Ап, қасқырым аш» деп балаларды ойнап қуса балалар «қасқырдан» құтылғаннан кейін тез өз орындарын реттік номерімен тауып алу керек
8. «Қойма» ойыны. Мына жерге салыңдар!
Ойын шарты:
Тәрбиеші « Әй, бүлдіршін! Қасқырлар мен лақтарды жинаңдар дейді.
Мына жерге салыңдар деп 2 қорап ұсынады Балалар ойыншықтарын, карточкаларын жинай бастайды, Сол кезде тәрбиеші сен тағы қасқырлар мен лақтарды бір жерге жинап қойдың ба?
Сенің лақтарыңнан түк те қалмас: қасқырлар лақтарды жеп қояды ғой!»,- деп баланы заттарын жүйелеп жинауға үйретеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет