1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті


«Құрастыру» термині латынның «construere»



бет12/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

«Құрастыру» термині латынның «construere» сөзінен шыққан, бұл әр түрлі жеке заттарды, бөлшектерді, элементтердің моделін жасауды, құрастыруды, белгілі тәртіпке келтіруді және өзара қатынасын білдіреді.
Құрастыру түрлері
Құрастыруды екі түрге бөледі: техникалық және көркемдік.
Құрастырудың техникалық түріне мыналар жатады:
- құрылыс материалдарынан құрастыру (геометриялық пішіндегі ағаш боялған немесе боялмаған бөлшектер);
- бекітудің түрлі тәсілдері бар конструктор бөлшектерінен құрастыру;
- ірі көлемді модульдік блоктардан құрастыру;
- компьютерлік бағдарламалар негізінде құрастыру.
Техникалық құрастыруда балалар негізінен шын мәнінде бар
объектілерді бейнелейді, сондай-ақ ертегі, фильмдерден көрген бейнелерді
елестету бойынша құрылыстар жасайды. Бұл жерде олардың негізгі
құрылымдық және функционалдық белгілерін үлгілейді: шатыры, терезесі,
есігі бар ғимарат; палубасы, азығы, штурвалы бар кеме және т.б.
Құрастырудың көркемдік типіне: пейзаждық, сәндік және сюжеттік
композицияларды құрастыруда кағаздан және табиғи материалдан құрастыру
қолданады, өйткені оларды өзгертуге, қосуға, алып тастауға, ауыстыруға,
болады.
Алғаш рет балалар олармен орта жастан бастап танысады.
Құрастырудың бұл түрі тегіс материалдан (қағаз және жұқа картон) көлемді
пішіндегі ойыншықтарды құрылыстарды көздейді. Қағаз және картон текше,
тікбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш пішінде әзірленеді. Ойынды жасамас бұрын,
оның үлгісін дайындау керек, оған бөлшектер мен әшекейлерді салып,
жапсыру керек, қажетті тіліктер жасап, тек содан кейін ғана бөлшектерді
жинақтап, жапсыру. Қағаздан және қосымша материалдардан құрастыру
процесі, бөлек дайын пішіндерден құрастыруға қарағанда, оларды құрастыру
тәсілі жағынан әлдеқайда күрделі.
Табиғи материал, құрылыс ретінде, мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде кіші топтан бастап пайдаланылады. Ең алдымен, құм,
қар, су. Ылғалды құмнан балалар жол, үй, балабақша, төбешіктер, көпірлер
салады. Есейген жасында балалар боялған суды қатырады, сөйтіп учаскені
безендіретін түрлі-түсті мұз текшелерін дайындайды. Қардан төбешік, үй,
аққала, жануарлар мүсіндерін жасайды.
Балалар құрастыру іс-әрекетінде пайдаланылатын материал түрі
құрастыру түрін де айқындайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет