Сандық қатынастар. Үш жастағы балаларда жиынтықты нақты сандық бағалауға мүмкіндік беретін сан туралы ұғым қалыптасады. Натуралды сандар қатарымен танысу (5-тің шегінде) заттардың екі жиынтығын салыстыру және олардың біреуін біреуіне арттыру немесе кеміту процесінде қалыптасады.Үш жастағы балалар негізінен 2-4 шегіндегі сандарды пайдаланады. Оқыту міндеттерінің бірі - санау нәтижесіне жету, яғни. нәтиже, жалпылау. «Қанша?» сұрағына көп, аз, біреу, екеу, сонша, тең... сөздерімен жауап бере білу санау кезінде қорытынды санның мағынасын түсіну процесін тездетеді. Екі заттық жиынтықты элементпен салыстыруға оқыту балаларды сандар арасындағы қатынасты тануға дайындайды.Санау әрекетінің дағдыларын қалыптастыруға, сан туралы ұғымдарды жалпылауға дыбыстарды, қозғалыстарды, сезу бойынша заттарды есептеудегі жаттығулар ықпал етеді. Әр түрлі талдағыштардың әрекетін қоса отыра санау есептеумен, үлгі және берілген сан бойынша әр түрлі жиынтықтарды жаңғыртумен ұштасады.
Кеңістікте бағдарлау. Бала сәбилік шақта-ақ заттардың кеңістікте орналасуын көру іскерлігін меңгереді. Алайда ол заттар арасындағы кеңістік бағыттары мен кеңістік қатынастарын заттардың өзінен бөлмейді. Заттар мен олардың қасиеттері туралы ұғымның пайда болуы, кеңістік туралы ұғымнан бұрын пайда болады және олардың негізі болып табылады.Кеңістіктің бастапқы бағыттары туралы үш жасар баланың ұғымы оның өз денесімен байланысты. Өз денесі оған орталық «есепті бастау» нүктесі болады, бала бағытты тек осыған байланысты анықтайды.Үлкендердің басшылығымен балалар өзінің оң қолын анық ажыратып,дұрыс атай біледі. Ол негізгі іс-әрекеттерді орындайтын қол болып саналады: «Бұл қолыммен ас ішемін, сурет саламын, амандасамын. Сондықтан бұл оң қол». Дененің өзге бөліктерінің орнын «оң» мен «сол» ретінде анықтай білу бала үшін тек оң қолдың орнына катысты мүмкін болады. Кеңістіктің басқа бағыттарын да (алда, артта) бала өзіне қатысты анықтайды. Кеңістікте бағдарлаудың бұдан әрі дамуында балалар заттар арасындағы қатынастарды (бір зат екінші заттың арғы жағында, алдында, оң жағында, сол жағында, арасында т. б.) бөле бастайды.Заттар арасындағы кеңістік қатынастары жөніндегі ұғымдардың құралуында және оларды меңгере білуді анықтауда жемісті іс-әрекеттің үлкен мәні бар. Бала текшелерді қадағанда тек формалар моделін жасап қана қоймайды, сонымен бірге кеңістіктегі қатынастарды да жасайды. Бұл қатынастарды ол сурет арқылы беруге де үйренеді, қағаз бетінде адамдар мен заттардың бейнесін белгілі тәртіппен орналастырады.
Уақытты бағдарлау. Уақыт- таңертең,күндіз,кешке,түн ұғымдары күнделікт і өмірдегі іс-әрекет барысында дамытылады. Тәулік бөліктері сәбилер мен ересек балалардың іс-әрекетінің өзгеруіне қарай ажыратылады. Уақыттың әр түрлі кезеңдерінде балалардың іс-әрекеті де түрліше.Үш жастағы сәбилер тобында балалар күнделікті өмірден көп білім ала алады,дегенмен негізгі білімдер арнайы сабақтарда беріледі. Мектепке жасына дейінгі сәби бала әр түрлі жағдайды оқиды және арнайы сабақтары мен күнделікті өмірдің арасында табиғи сабақтастық болуы тиіс. Педагог балаларға күздегі серуен кезінде әр түрлі жапырақтар жинап,оларды түрлі белгілері бойынша топтауға болатындығын балалардың есіне салады. Балалардың кейбіреулері өз жапырақтарын пішініне қарай,көлеміне қарай,түсіне т.б. қарай топтай бастады.Кеңістікті бағдарлауға қарағанда, уақытты бағдарлау балаға едәуір қиындыққа түседі.Бала белгілі уақыт ішінде өмір сүреді, оның ағзасы уақыттың өтуіне белгілі түрде жауап береді,белгілі бір мезгілде оның тамақ ішкісі, ұйықтағысы келеді, т. б. бірақ баланың өзі көпке дейін уақытты қабылдай алмайды. Тіпті тамақ ішу үшін дастарқан басына келіп отырғанда да оның мазасыздануы, сәл еркеліктері («Сусын ішкім келеді», «Балмұздақ жегім келеді»), тіпті «Тамақ ішкім келмейді!» - деуі оның ағзасының түскі тамақ уақытына берген жауабы екенін ол түсінбейді.Сәбилік шақтағы, мектепке дейінгі кіші жастағы бала әлі уақытты бағдарлай алмайды. Уақыт жөніндегі ұғымдардың қалыптасуы кейінірек басталады және оның өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, уақыттың кішкентай бөлшектерін балалар өз іс-әрекеттері тұрғысынан, осы уақыттың ішінде нені істеп тындыруға және нәтижені алуға болатындығын анықтап білуге үйренеді.
2-сұрақ Үш жастағы балалардың ойыншықтары мен дидактикалық материалдарды іріктеу және ойындарды ұйымдастыру. Қызықты математикалық материалдың танымал түрлері және мектепке дейінгі оқытудың қазіргі тәжірибесінде жиі қолданылатындар – бұл дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулары. Дидактикалық ойын (оқыту ойыны) – бұл балалар оқитын іс-әрекеттің түрі. Бұдан басқа, дидактикалық ойын, әрбір басқа ойын сияқты, балалар айналысатын өзіндік іс-әрекет болады. Ол жеке және ұжымдық болуы мүмкін.Балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруда әртүрлі дидактикалық ойын жаттығулары қолданылады. Қолданылатын материалдың сипаты бойынша дидактикалық ойындар шартты түрде заттармен ойнауға, үстел үсті-баспа және сөздік ойындар болып бөлінеді.
Заттармен ойындар - мозаикамен, әртүрлі табиғи материалдармен ойындар, халықтық дидактикалық ойыншықтар: (бір түсті және түрлі -түсті сақиналардан жасалған ағаш конустар, бөшке, шарлар, ұя қуыршақтары, саңырауқұлақтар және т.б.) доминомен ойындар.
Үстел үсті – баспа ойындары - бұл кесінді суреттер, лото, домино және т.б.
Сөз ойындары – «Берілген саннан кейінгі санды атаңыз», «Санның
көршілерін ата» және т.б
Дидактикалық ойындарды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады: 1. Цифр және сандармен ойналатын ойындар.
2. Уақытта саяхаттау ойындары.
3. Кеңістікте бағдарлауға арналған ойындар.
4. Геометриялық фигуралармен ойындар.
5. Логикалық ойындар
М.Монтессори жүйесінің дидактикалық материалдары мен жат тығуларын пайдалану кезінде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру процесінде келесі жүреді:
•«Сенсорлық дамыту». Іске асыру құралдары: «Қызғылт мұнара»; «Қоңыр баспалдақ»; «Қызыл қарнақтар»; «Түрлі-түсті тақташалар»; «Бұдырлы кестелер»; «Шуыл қорапшалары»; «Қапсырма жақтаулар» және т.б
•«Сандық ұғымдар». Іске асыру құралдары: «Сандық (қызыл-көк) қарнақтар»; «Бұдырлы қағаздан жасалған сандар»; «Сандық қарнақтар мен цифрлар»; «Ұршықтары бар жәшіктер»; «Сандар мен чипсілер» және т.б.
•«Заттардың шамасы мен шамаларды өлшеу туралы ұғымдарды қалыптастыру». Іске асыру құралдары: «Қызғылт мұнара»; «Қоңыр баспалдақ»; «Цилиндр блоктары»; «Қызыл қарнақтар»; «Түрлі түсті тақташалар».
• «Геометриялық ұғымдар». Іске асыру құралдары: «Геометриялық камод»; «Түрлі-түсті цилиндрлер»; «Құрылымдық үшбұрыштар; «Қабаттасқан геометриялық фигуралар»; «Геометриялық денелер.»
• «Кеңістікті ұғымдар». Іске асыру құралдары: «Шеңбердегі ойындар»; «Лабиринт - жаттығулар», «Математикалық ойындар».
• «Уақыт ұғымдары». Іске асыру құралдары: «Математикалық
ойындар».
Жоғарыда көрсетілген дидактикалық материалдар балаларда жадыны, зейінді, логикалық ойлауды, қиялды, тапқырлықты, дербестікті дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |