1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары


Кәсіби даярлаудың жетекші идеясының болу (математикалық курстардың мектеп математика курсымен байланысы) қағидасы



бет17/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

24. Кәсіби даярлаудың жетекші идеясының болу (математикалық курстардың мектеп математика курсымен байланысы) қағидасы
М.А.Құдайқұлов мұғалімді кәсіби дайындаудың моделінде мұғалімнің іс-әрекетінің үш «баспалдағын» көрсетеді. Олар: жалпы-педагогикалық, кәсіби-педагогикалық, кәсіби-әдістемелік. Біліктілікті мынандай үш түрге бөледі: 1) барлық адамдар үшін: кәсіби емес педагогикалық біліктіліктер; 2) барлық педагогтар үшін: кәсіби-педагогикалық біліктіліктер; 3) пән мұғалімі үшін: кәсіби-әдістемелік біліктіліктер .
А.Г.Мордкович математика мұғалімін оқытудың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын төмендегідей қағидалар негізінде тұжырымдайды:
-фундаменталдық (фундаменталдық математикалық дайындық қажеттігі);
-бинарлық (оқытудағы жалпы ғылымилық және әдістемелік бағытты біріктіру);
-жетекші идеясының болуы (математикалық курстардың мектеп математика курсымен байланысы туралы);
-үздіксіздік (педагогикалық іс-әрекетке үздіксіз үйрену) .
Бұл қағидалар оқыту әдістемесін қамтамасыз ететін әдістемелік жүйесін жалпы тұрғыдан қарастыруға мұмкіндік жасайды.
К.С.Успанов болашақ мұғалімдердің кәсіби-мәнді қасиеттерін қалыптастырудың теориясы мен практикасын қарастырады.
Дегенмен, педагогикалық жоғары педагогикалық оқу орындарында құзырлылық тұғырды жүзеге асыру проблемасын шешуде болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың рөлі зор.
Теориялық білімдер негізі - жалпы педагогика мазмұнын құрылымдаудан басталып, оқу пәнінің мазмұнын жобалау рәсімі, яғни мақсатын тұжырымдау, курстың құрылымы мен мазмұнын анықтау, білімгерлердің ісәрекетін ұйғарым мен шектеулердің шегінде жоспарлау, бұлардың барлығы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарлама, оқу және әдістемелік әдебиеттер секілді нормативтік құжаттармен реттеледі. Білім «мазмұны» ұғымының мәніне тоқталар болсақ, ежелден-ақ, философиялық тұрғыда – «бүтін бөліктерінің жиынтығы», «барлық заттар материалды емес, бірақ барлық заттардың мазмұны болады»-деп қарастырылса [205], бұл ұғымның педагогикалық түсінігін П.Ф. Каптерев анықтап, оны жүйелі білім ретінде түсіндіреді [206]. В.В. Краевский мен И.Я. Лернер білім берудің мазмұнын әлеуметтік тәжірибе ретінде қарастырып, мазмұн келесі өзара байланысты құрамдас бөліктерден тұратындығын айтады: - табиғат, қоғам, техника, адам, іс-әрекет құралдары туралы білім; - дағды және іскерлікпен танылған іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін жүзеге асыру практикасы; - интеллектуалдық рәсімге айналған, әдеттегі іс-әрекет шегінен асатын шығармашылық іс-әрекетінің практикасы; - іс-әрекеттің құралы немесе нысаны болған болмысқа деген эмоционалдықұндылық қатынас практикасы. Бұдан, білім берудің мазмұнын құрылымдаудың басты амалдары қалыптасқан деуге болады. Біз қарастырып отырған педагогикалық пәндердің мазмұнын жасаудың екі амалы қалыптасқан: білімдік-бағдарлық (дәстүрлі) және құзіреттіліктік (инновациялық). Біріншісі – білімдік-бағдарлық амал өткен ғасырда практикалық болып, педагогиканың мазмұнын беруге бағытталған тәсіл. Бұл тәсіл негізгі талаптарды тек қана педагогикалық білімнің жинақталуына қойды, ал болашақ педагогтың іскерлігі, дағдысы және құзыреттілігінің қалыптастыруын практикаға жүктеді. Екінші – құзіреттіліктік амал, бертін келе 2000-жылдардың басында қалыптасып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген тізімдердегі басты құзыреттіліктер мен педагогикалық бейімделген білім мен іскерлік жүйесін студенттердің меңгеруін білдірді. Бүгінде екінші амал жетекші болып табылады. Барлық педагогикалық мамандықтарды даярлауда оқытылатын педагогика курсының мазмұнын құрылымдау келесі ұстанымдарға сүйенеді: -мақсатқа бағыттылық, болашақ педагогті кәсіби іс-әрекетке даярлаудағы мақсат пен міндеттерге педагогика мазмұнының сәйкес келуі; -ғылымилық, педагогика курсы мазмұнының қазіргі заманғы педагогикалық ғылым жетістіктеріне сәйкес болуы; -негізділік (фундаменталдық), педагогиканың әдіснамасын күшейту; -тұтастылық, оқылып отырған пәннің теориялық және практикалық жақтарының біркелкілігін сақтау; -интеграция, педагогикалық процестен (құбылыстан) тұтас көрініс беретін көптеген пәнаралық және ішкі пәндік байланыстар санын мүмкіндігінше көп бекіту; -модульдік, педагогиканың мазмұның инвариантты (міндетті) және вариативті (таңдау бойынша) компонеттерін модуль түрінде беру; -іс-әрекеттік-модельдеуші, болашақ педагогикалық іс-әрекеттің үзінділерін модельдеу, оның барысында кәсіби нормаларды меңгеру; -жекешелендіру, мазмұнның вариативтілігі және оны меңгеру тәсілдері болашақ педагогтардың негізгі дайындық деңгейіне және кәсіптік ерекшеліктеріне байланысты білім мен іскерліктер жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету; -прескриптивтілік (нормалық), білім мазмұнының болашақ педагогтың біліктілік талаптарына сай болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет