1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары



бет42/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

3.Оқушылардың өзік іс-әрекеті;
4.Жобаның мазмұндық бөлігі құрастыру;
5.Зерттеу әдістерін қолдану;
6.Шешімін іздейтін мәселенің болуы,жоба бұл байсалды ойын,баланың дербестігі және ата-ана мен баланың ортақ шығармашылығы;
Жобалау түрлері

  • Жобалауда көбіне қолданылатын әдістер:зерттеу,шығармашылық,рөлдік-ойындық,таныстыру-бағыттау,т.б

  • Жобаны бағыттау: тікелей,жасырын.

  • Қарым-қатынас: бір мектеп,бір сынып,қала,аймақ,халықаралық оқушылар арасында.

  • Жобаға қатысушылар саны;

  • Жоба уақыты: тақырып ауқымына сай.

Зерттеу әдісті жоба:
Мұндай жобалар жан-жақты ойластырылған,мақсаты айқын,барлық қатысушылар үшін өзектілігі бірдей,әлеуметтік маңызы бар.Алынатын нәтижені өңдеу, жасалатын тәжірибелер мұқият қарастырылған.Зерттеу қисынында толықтай бағындырылып,нағыз ғылыми зерттеулерге мейлінше жақындастырылған.
Жобалау технологиясында төмендегідей іс-әрекеттер жүзеге асуы тиіс:

  • Ақпарат жинау;

  • Ақпаратты алғашқы сұрыптау;

  • Алғашқы күндердің нәтижесін қорыту;

  • Кері байланыс;

  • Нәтижені бағалау;

56. Ақпараттық теле-қатынастық және қашықтан оқыту технологиясы
Қазіргі таңда білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты заманауи талаптарға сәйкес қоғамды дамытудың тиімді де сапалы технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Сол себепті, өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әрбір педагог өз кәсіби тәжірибесін жаңашылдыққа бағыттап, әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануы шарт. Осыған орай қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді.
Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған оқушыларымыздың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы төмен деп айта алмаймын, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалануда.Мұны әрі қарай дамытуда, жаңа білім алу жолдарын іздестіруде оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту жүзеге асырылуда. Олай болса, қашықтықтан оқыту дегеніміз не және оны ұйымдастырудың ерекшелігі неде? сауалына жауап ізделік.
Қашықтықтан оқыту – мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Қашықтықтан оқытудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі – вебинар.
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Мұнда мұғалім түсіндірмесін, көрсетілімдерін көру арқылы оқып үйренеді.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Мұнда оқушылар, студенттер, тыңдаушылар өздерінің ізденіс, ақпарат жинақтау, тапсырмаларын желі арқылы оқытушыларына жолдап отырады. Ал, оқытушы тарапынан кері байланыс жасалып жүргізіледі.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы.Қашықтықтан оқытусеминарлары оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. Ол семинарларбейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кезкелген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.
Қашықтықтан оқыту кеңестері пәнді өз бетімен оқып үйренуде білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау және оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады. Телефон және электронды пошта, сонымен бірге телеконференциялар қолданылады.
Қашықтықтан оқытуда зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Білім алушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі немесе мүлде мүмкін емес құбылыстарды виртуалды шындық көрсететін мүмкіндігі бар.
Қашықтықтан оқытудағы бақылау – бұл білім алушының оқу материалын меңгеруі нәтижелерін тексеру. Сонымен, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп, білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет;
Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет;
Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет;
Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлауды, жауапкершілікпен қарауды, баламен еркін коммуникативті қатынасқа түсу, мұмкіндіктерді дұрыс қолдануды назарда ұстау қажет.
Қорыта келе, дәстүрлі оқыту орталарына қарағанда жаңа электрондық технология оқушыны оқу процесіне белсенді қатыстырып қана қоймайды, сонымен қатар осы процесті басқаруға рұқсат етеді. Дыбыстың, қимылдың, бейненің және мәтіннің интеграциясы жаңа, мүмкіндіктері мол, әдеттен тыс оқу ортасын қалыптастырады, оның даму барысында оқу процесіне белсенділікпен қатысатын оқушы саны да арта түседі. Қашықтан оқыту жүйесінде қоданылатын бағдарламалер мен ақпаратты жеткізу жүйесінің интерактивті мүмкіндіктері, көптеген дәстүрлі оқу орталарында мүмкін болмайтын кері байланыс орнататын және икемдеп отырады, тұрақты көмек пен сұхбатты қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет