58. «Математикалық талдау» курсын оқыту процесінде бағдарланған оқыту технологиясын қолдану.
Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз - педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яки баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер мен іс-әрекеттер жиынтығы.
Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн:
Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер:
Адамның ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралық ерекшелігі;
Жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;
Тұлғаның өзіне тән қабілеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі;
Өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік көрсететін тұлға әрекеті;
«мендік» тұжырымдаманың болуы;
Оқушылардың білім алуына жағдай жасау. Өмірлік, кәсиби өсуіне педагогикалық қолдау, психикалық қарым-қатынас бойынша алдын-ала көмек беру іс-әрекеті.
Оқушыларға білім беру әрекетіндегі негізгі принциптер (ұстанымдар):
өзін-өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;
даралық ұстанымы;
субъектілік ұстанымы;
таңдау ұстанымы;
шығармашылық табыс ұстанымы.
3. Технологиялық бөлімі:
шығармашылық іс-әрекетке шақыру;
баланың жеке басының дамуын қолдау;
оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.
Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын айқындауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс-әрекетін ескеретін жан-жақты, интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тұлғаның «мәденитаралық қарым-қатынас субъектісін» қалыптастыру. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту –бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.
Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру үшін келесі түсініктерді айыру қажет деп есептейді:
түрлі дәрежелі амал – түрлі дәрежелі бағдарлама материалының қиындығына бағытталған болуы тиіс.
өзгешелік амал – оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білімі, қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша болу;
жекеше амал – оқушыларды бірыңғай топ бойынша: үлгерімі, қабілеті, әлеуметтік-кәсіби ағымына қарай топтау;
субъекті-жекелі амал - әрбір оқушымен жақын қарым-қатынаста болу.
Достарыңызбен бөлісу: |