1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары


Дәстүрлі сынып сабақтық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар



бет47/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

Дәстүрлі сынып сабақтық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар:
- оқушылардың таным кабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;
- сыныптағы оқушылар құрамының әр кез тұрақты болуы;
- сыныптағы сабақ ортақ жылдық жоспармен оқу бағдарламаларына, оқулыктарға негізделген, құрастырылған кестемен жүргізіледі.
Оқушылар мектепке жылдың бір мезгілінде, белгілі бір сағатта барады:
- оқытудың негізгі бірлігі-сабақ. Сабақ бір пәнге негізделеді;
- сабақ барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі;
- оқушылар сол тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді;
- оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.
Мұғалім өз пәні бойынша жалпы әр оқушының оқу сапасын қорытындылап, бағалайды.
Дәстүрлі оқыту технологиясының тиімсіз жақтары: Дайын білімді хабарлайды, оқушы орындаушы, мұғалім басқарушы болады.


63. Математика мұғалімінің әдістемелік құзырлығын қалыптастырудың жаңа технологиялары
«Технология» грек тілінен аударғанда «шеберлік», «өнер», «белгілі бір құбылыстың іс-әрекетіне әсер ете білу», ал «техника» қойылған мақсатқа дәл, тез, тиімді жетуге көмектесетін жол, әдіс және амал. Педагогикалық әдебиеттерде «оқыту технологиясы, тәрбиелеу технологиясы, дәстүрлі технология, программаланған оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы және т.б.» педагогикалық технологияларды сипаттайтын терминдер көп кездеседі.Оқытуды технолизациялау идеясы жаңа идея емес. «Ұлы дидактика» еңбегінде Я.А.Коменский оқытуды технолизациялау керектігі туралы сол кездің өзінде айтқан. Ол «дидактикалық машина үшін: 1) қойылған мақсат; 2) сол мақсатқа жететін құрал; 3) мақсатқа жеткізбей қоймайтын, сол құралдарды қолдану ережелерін табу керек», – деді.
В.П.Беспалько педагогикалық технологияның төмендегідей белгілерін көрсеткен: 1) оқытудың, тәрбиелеудің анық, жүйелі педагогикалық, дидактикалық дайындығы; 2) меңгеруге тиісті ақпаратты құру, реттеу; 3) оқытудың және бақылаудың дидактикалық, техникалық, оның ішінде компьютерлік құралдарды кешенді қолдану; 4) оқыту және тәрбиелеудің диагностикалық функциясын арттыру; 5) оқыту сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет