1-деңгей Бастауыш сыныптағы тәрбие процесі және оның сипаттамасы


Ақыл-ой, экономикалық, еңбек, дене құқықтық, эстетикалық, экологиялық тәрбиелерін қалыптасыру арқылы салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу әдістемесі



бет28/63
Дата20.10.2023
өлшемі124.07 Kb.
#481226
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Сессия Теория Айнура

13.Ақыл-ой, экономикалық, еңбек, дене құқықтық, эстетикалық, экологиялық тәрбиелерін қалыптасыру арқылы салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу әдістемесі.
Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі. Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа қасиеттерін қалыптастыру.Тәрбие жұмысы – сынып жетекшісінің кәсіби қызметін жүзеге асыруда тұлғаға жасаған ықпалы және мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруы болып табылады. Тәрбие жұмысы сынып жетекшісінің белсенді басшылығымен, шебер ұйымдастырушылығымен тәрбиенің түрлеріне сәйкес белгілі нысананы көздей отырып, шығармашылық тұрғыда жүргізіледі .
1 Ақыл-ой тәрбиесі қоршаған әлемге, өзіне, өзгелерге эмоционалды құндылықты қатынасының қалыптасуымен, өздігінен білім алу қажеттілігінің дамуымен, тұлғаның интеллектуалды әлеуетін дамытумен, интеллектуалды, көптілді мәдениет, ой-қызметі мәдениеті саласында ойлау қабілетін, оқутанымдық қызметінің функционалдық сауаттылық, компьютерлік сауаттылықты меңгеру процесінде ақпараттық мәдениетке дағдылануымен анықталады.
2 Адамгершілік тәрбиесі – жеке тұлғаның қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал етуі.
3 Еңбек тәрбиесі – еңбекке деген қатынасты, рухани және материалдық игілікті жасауға деген жеке тұлғаның әрекетін мақсатты қалыптастыру процесі.
4 Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға, эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды қалыптастыруға тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады .Эстетикалық тәрбие рухани - адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді.
5 Экологиялық тәрбие – тұлға бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы оның табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты қалыптастырып, дамыту. Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
6 Құқықтық тәрбие – өзінің туған елінің заңы мен құқықтық ережесін, белгілі нормаларын сақтау, қорғау, сыйлау рухында тәрбиеленген, сана-сезімі мол, белсенді, қоғамға, әлеуметтік ортаға жат әдет-құлыққа қарсы күресетін, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға ымырасыздықпен қарайтын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
7 Экономикалық тәрбие – тұлғаны экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну аумағындағы негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту.
8 Дене тәрбиесі – тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.
9 Отбасы тәрбиесі.Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты.
10 Адамгершілік тәрбиесі – жеке тұлғаның қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал етуі.94%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет