1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні


Нақты жаттығулар мәтіндік жазба



Pdf көрінісі
бет25/56
Дата13.06.2023
өлшемі1.55 Mb.
#474996
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
2501e483bbc50a8874f0ae6e4a0e9dbc (1)

2.Нақты жаттығулар мәтіндік жазба 
Нақты толық мәтіндік жазба кез келген гимнастикалық жаттығуды толық 
сипаттауға мүмкіндік береді. Мұндай жазбаның келесі схемасы қабылданды: 
- жаттығудың атауы. 
- бастапқы қалып. 
- жаттығудың мазмұны. 
Жаттығудың атауы әдетте жаттығулардың түрі немесе гимнастикалық 
көпсайыстың түрі, жаттығудың мақсаты, музыкалық сүйемелдеудің деректері 
болып табылады. 
14-15 жастағы қыздарға арналған түрлі биіктіктегі брусьяға арналған 
жаттығулар; 
Гимнастикалық қабырғада жалпы дамытатын жұптық жаттығулар; 
Төменғі теміраспа, VI сынып оқушыларына арналған жаттығу
Иық бұлшық еттерін жазылу күшін дамыту үшін жаттығу; 
Кіші аттан арқылы ұзындыққа тіреп секіру, биіктігі 135 см, көпір 
снарядынан 1 м. 


Бастапқы қалып әдетте "б.қ.." қысқарту түрінде көрсетіледі. мысалы: б.қ. 
— н.т.; б.қ. — аяқты ашып тұру, қолдар жан жаққа.
Снарядтардағы жаттығуларда б.қ. ретінде комбинацияның бірінші 
элементі қандай қалыптан немесе қандай қимылдардан басталатыны 
көрсетіледі, мысалы: ілініп тұрып, ілінүде иіліп сермеу, секіруден. 
Жаттығудың мазмұны гимнастикалық терминология ережелері бойынша 
элементтік түрде жазылады. Әрбір элемент келесі ретпен сипатталады: 
1) қалыптың немесе негізгі қозғалыстың атауы (негізгі термин); негізгі 
термин болмаған кезде қойылатын дене буыны көрсетіледі, мысалы: қол, оң 
қол, сол(аяғы); 
2) орындау тәсілімысалы: жазу, артқа, доғамен, доғалармен; 
3) элементтің басқа сипаттамалары, мысалы: пружыналық, шалқайып, 
баяу, қос, оңға, артқа енкею; 
4) соңғы қалып, егер бұл қажет болса,; статикалық элементтер алдыңғы 
элементті (қозғалысты) орындағаннан кейін соңғы жағдай ретінде жазылады, 
мысалы: артқа шайқалып жауырынға тұру, артқа аунап бүгіліп тіреп тұру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет