1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні


ІV. Көмек және сақтандыру тәсілдеріне үйрету



Pdf көрінісі
бет33/56
Дата13.06.2023
өлшемі1.55 Mb.
#474996
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56
2501e483bbc50a8874f0ae6e4a0e9dbc (1)

ІV. Көмек және сақтандыру тәсілдеріне үйрету. 
Гимнастикалық жаттығулар техникасын игерумен қатар жаттығушылар 
оқытушыньң басшылығымен дене көмегімен сақтандыру тәсшдерін меңгеруі 
қажет. Әуелде оқытушы көмек және сақтандыру тәсілдерін көрсетеді, жаңа 
элемент меңгеру процессінде кажетті түсініктемелер береді. Содан кейін 
әр үйренуші көмекке немесе сақтандыруға шақырылады, ал оқытушы 
орындаушыны басқа жағынан демей тұрып, сақтандырушыньң өз міндетін 
қалай атқарып жатқанын қадағалап тұрады. 
Сақтандырушыға талап катаң түрде қойылуы керек, өйткені шамалы 
катенің өзі орындаушыны жарақаттануға әкеп соғуы әбден мүмкін. 
5. Әлсіздіктің алдын – алу үшін. 
Сабақта жүйкемелерді дұрыс реттеу керек. 
Кауіпті, әсіресе бір типті ғана жаттығуларды істеуден алыс болу
керек. (айналу, домалану, дөңгелеу, қатты жерге секіріп түсу т.с.с.) 
Жаттығуларды жеңілдететін жағдайларды пайдалану керек (көмек, 
сақтандыру техникалық құралдар, демеу жаттығулары т.б.) 
Дене қабілетін жүйелі түрде жетілдіру мақсатында жалпы
және арнайы дене шынықтыру дайындығын дұрыс пайдалану керек. 
Әдебиет 
1. Смолевский В. М. Гимнастика и методика преподавания: учебник для 
ин-ов физ. культ.- М: Физкультура и спорт, 1987. 
2. Петров П.К. методика преподавания гимнастики в школе: учебник для 
ин-ов физ. культ.- М.: Физкультура и спорт, 2000. 
3. Брыкин А.Т. Гимнастическая тарминология.М.: ФиС, 1969.-190с. 
4.Шлемин А.М. Гимнастика. Учебник для ин-тов физ.культ.–изд.2-е. М., 
1979. 
5. Смолевский В. М. Гимнастика и методика преподования . Учебник для 
ин-тов физ. культ.–Изд.3. М., ФиС, 1987.
6. Меньшиков Н.К. Гимнастика и методика преподования . Учебник для 
ин-тов физ. культ. М., ФиС, 1990. 
7. Журавин М.Л. Гимнастика. Учебник для ин-тов физ. культ. –Изд.2. М., 
ФиС, 2001.
№ 8 Дәріс тақырыбы. Жаттығудың қолданбалы түрлері


Жоспар
1. Тепе-теңдік жаттығулары
2. Өрмелеу жаттығулары
3. Лақтыру және қағып алу жаттығулары  
4. Жүкті көтеру және тасу жаттығулары
5.Упражнения в переползании
6. Жәй секру 
1.Тепе-теңдік жаттығулары 
Орында және қимыл кезінде жасалатын тепе-теңдік жаттығулары.
Орында тұрып жасалатын жаттығуларға: ең қарапайым екі аяқпен 
тұрудан бастап ең ерекше бір тіземен тұру секілді барлық тұру түрлері; 
бұрылулар, еңкеюлер, көзді ашып және жұмып, қол мен бас түрлі 
қалыптағы отырулар; жоғары қалыптан төменірек қалыпқа ауысулар
жату мен керісінше қалыптағы жаттығулары жатады.
Қимылда кезіндегі жаттығуларға мына жаттығулар жатады: жүру мен 
жүгірудің барлық түрлері, қолдың түрлі қимылдарымен, баспен және 
денемен, тоқтап, бұрылулармен, еңкеюлермен, кедергілерден өтумен
бұйымдарды лақтырып және қағып алып және т.б. орындалатын би 
адымдары.  
Кедергі ретінде түрлі бұйымдар болуы мүмкін, тығыздалған доптар, 
құрсаулар, гимнастикалық таяқтар, шоқпарлар, секіртпелер және т.б.
Кедергіні бағындыру әдістеріне басып өту, секіріп өту, еңбектеп және 
өрмелеп өту және т.б. әдістер жатуы мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет