Түс датчиктері
Негізгі қызметтері:
түстерді анықтайды;
жарықтылықты, шашыраңқы және шағылысқан жарықты өлшейді.
Түс тетігі, тетіктің бет жағындағы шағын терезеге түсетін түс немесе жарық жарқындығын анықтай алады. Сегіз түске дейін анықтай алады. Ол ақ пен қара, көк, жасыл, сары, қызыл, қоңыр түстерін айыра алады Түс тетігі үш режимге ие: «Түс» режимі, «Шағылысқан жарық жарқындығы» режимі және «Сыртқы жарық жарқындығы» режимі.
«ТҮС» РЕЖИМІ
«Түс» режимінде түс тетігі, нысанның жанында тұрған түсті немесе тетіктің жанында тұрған қабат түсін анықтай алады. Сіз «Түс» режимін, тетік алдында орналасқан LEGO бөлшегінің түсін немесе қағаздағы әртүрлі белгілердің түстерін анықтауға қолдана аласыз.
«ШАҒЫЛЫСҚАН ЖАРЫҚ ЖАРҚЫНДЫҒЫ» РЕЖИМІ
«Шағылысқан жарық жарқындығы» режимінде түс тетігі, тетікке түсетін жарықтың жарқындығын анықтайды. Жарық жарқындығы, 0 ден 100 дейінгі пайызда өлшенеді, мұндағы 0 - өте қою, ал 100 - өте жарқын.
Түс тетігі «Шағылысқан жарық жарқындығы» режимінде болғанда, тетіктің алдыңғы тақтасында қызыл жарықдиод жанады. Егер тетік нысан немесе қабатқа жақын орналасса, сол қызыл түс нысаннан шағылысатын болады және анықтау үшін тетікке түседі. Сіз оны, қабат пен нысан реңкін өлшеуге пайдалана аласыз себебі, өте қою реңктер тетікке қызыл сәулені аз шағылыстыратын болады.
Сіз бұл режимді, өз роботыңыз ақ қабаттағы қара сызық бойымен жылжу үшін пайдалана аласыз. Тетіктің қара сызықтан өтуі кезінде, жарықтехникалық өлшем, тетіктің қара сызыққа жақындауынан біртіндеп кішірейе бастайды. Мұны, роботтың сызыққа жақындығын анықтауға пайдалануға болады.
«СЫРТҚЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖАРҚЫНДЫҒЫ» РЕЖИМІ
«Сыртқы жарық жарқындығы» режимінде «Шағылысқан жарық жарқындығы» режиміндегіндей түс тетігі, тетікке түсетін жарықтың жарқындығын анықтайды. Жарық жарқындығы, 0 ден 100 дейінгі пайызда өлшенеді, мұндағы 0 - өте қою, ал 100 - өте жарқын.
Түс тетігі «Сыртқы жарық жарқындығы» режимінде болғанда, тетіктің алдыңғы тақтасында көмескі көк жарықдиод жанады. Бұл көк индикатор сізге, тетіктің «Сыртқы жарық жарқындығы» режимінде екендігін көрсетеді бірақ, нысан тетікке өте жақын орналасқандағы жағдайларды ескермегенде, жарықтехникалық өлшемдерге ықпал етпейді.
Сіз бұл режимді, бөлме жарығы жарқындығын немесе тетікке түсетін жарықты, басқа жарық көздерінің жарқындығын анықтау үшін пайдалана аласыз. Сіз бұл режимді, бөлмеде жарық қосылған ба немесе сіздің роботыңызға шам бағытталғанын анықтау үшін пайдалана аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |