1-дәріс. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты


Қарапайым лексика элементтеріне жататын



бет10/24
Дата21.10.2023
өлшемі130.7 Kb.
#481356
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
әдеби тіл лекция тезистер

Қарапайым лексика элементтеріне жататын төменгі стиль элементтері жоқтың қасы, атап айтқанда, дөрекі, бейпіл сөздер мен сөз тіркестері хаттарда қолданылмайды. Мұны екі адресаттың да әлеуметтік ортасы, мәдениетінің жоғарылығымен түсіндіруге болады.
Жоғары стиль элементтерінің қатарына терминдер енетіні белгілі. Аталмыш хаттарда: форт, падшаһ, ревиз, портрет, музыкант, диплон, молла, пойұс, газет, хазірет, адиутант, хорунжа, медал, парауаз, формулар, список, карета, пристав, переводчик, т.б. терминдер кездеседі. Әрине, бұларды мағыналық топтарға бөлуге де болады. Егер топтастырып қарар болсақ, көбінесе қоғамдық-саяси лексика элементтері мен қоғамдық-саяси терминдерінің хаттарда жиі кездесетінін байқау қиын емес. Шеттілдік кірме сөздерді Шыңғыс та, Шоқан да өз хаттарында көп қолданған. Тіпті Шоқан ойын нақты жеткізгісі келгендіктен болар таза орыс тіліндегі сөйлемді тұтасымен береді: ...Карл Казимирович бірлән ақылдасаңыз (на основании указов 1746-1776 г. Марта 14 1884 г. Февраля 22). Кірме сөздердің көбі орыс тілінен енген орыс сөздері немесе орыс тілі арқылы енген шет сөздер. Оның ішінде: благородное собрание, военный губернатор (орыс тілінің заңдылығын сақтап жазған), бригаднай генерал, военнай ғубернатор, дворянски кназдық деген қолданыстарда орыс тілінің заңдылығы (согласование) жоқ. Орыс тілі арқылы енген шет тілдік сөздер лауазым, әскери шен атаулары түрінде ұшырасады: адиутант, майыр, пристыв, генерал/жанарал, т.б. Тағы бір айтар ерекшелік күрделі етістіктің жасалуына байланысты деп санаймыз. Орыс тіліндегі етістікпен қазақ тіліндегі етістікті тіркестіру арқылы күрделі етістіктің жасалуы: хлопатать етсеңіз.
Мағынасы түсініксіз төл сөздер жоқ деуге болады, ондай мағынасы күңгірттенген сөздерді кездестірмедік. Диалектілік элементтер ұшыраспайды.
Ай аттары түгел орыс сөздерімен берілген: май (майдың айағында), апрель, август. Ал араб-парсы сөздерінен жаһаттаныб, хайыр, иншалла, алла, хұда, инғам, иттифақда, ашналық, т.б. атауға болады. Көне жазба тіліне тән ерекшеліктерге сағ саламат, ерміш, нечік сөздері ұшырасады. Көнерген сөздер, кейін қолданысқа енген окказионалдар жоқ. Шоқан мен әкесі Шыңғыстың хаттарындағы ең қызықты әрі елеулі ерекшелік деп Р.Сыздық ондағы Сіз сыпайылық формасының қолданылуын көрсетеді. Шыңғыстың өз баласына сіз деп қаратып, қарым-қатынас жасауы жазба тілдің әсерінен болған деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет