1-дәріс. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты


Дәрістің тақырыбы мен сұрақтары



бет18/24
Дата21.10.2023
өлшемі130.7 Kb.
#481356
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
әдеби тіл лекция тезистер

11. Дәрістің тақырыбы мен сұрақтары
Ұлттық жазба әдеби тілді қалыптастырудағы Абайдың орны

1. ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы қазақтың ұлттық жазба әдеби тілді дамытудағы Абайдың орны


2. Абай қолданған жаңа көркемдік тәсілдер

Тірек сөздер: көркем поэзия тілі, қисса жанры, қоғамдық-публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресми іс қағаздар стилі.

Осы кезеңде қисса аталатын көркем әдебиет жанры туып, дамыды. «Қисса» сөзі өткен дәуірде «кітап өлеңдер» немесе жалпы «кітап болып басылған дүниелер» дегенді білдірген. Қиссалар бірде махаббат, адамгершілік жайлы («Иахия», «Жүсіп-Зылиқа» т.б.) жырласа, енді бірде ислам дінін уағыздайтын («Салсал», «Жұм жұма») дастандар болды.


ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақтың ұлттық жазба әдеби тіл функционалдық стильдерге тарамдала бастады. Қоғамдық-публицистикалық стильдің дамуына мерзімді баспасөздің («Түркістан уалаяты» газеті, «Дала уалаяты» газеті) дамуы игі әсерін тигізді. Публицистика тілі мен ғылыми тілге тән ерекшілік, ол терминнің атауын түсіндіріп отыруды пайдаланды. Мысалы, медицина институтын «дәрігер болуға үйрететұғын үлкен медресе» деп анықтама беріп отырды. Ғылыми стильде орыс тілінен (планета, комета) және араб-парсы тілінен (табиғ, урых, рәсім) енген сөздер қолданылды.
Ресми іс қатынас, кеңсе қағаздарының тілінде орта азиялық жазба тіл элементтері молырақ пайдалану дәстүрі сақталды. Ол орфографияда, морфология саласында, ресми іс қағаздар лексикасына тән стильдік белгілерден байқалды.
Ы.Алтынсариннің қазақ тілін дамытудағы рөлі оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Ыбырай қазақ әдеби тілінде бұрын болмаған шағын әңгімелер стилін жасады, өз өлеңдері мен қазақтың ауызша тараған мол көркем әдеби үлгілерін оқушы жастарға ұсынды.
Абай шығармалары қазақтың ауызша тарап келген байырғы әдеби тілін дамытып толықтырып, жаңа сатыға көтерді. Абай тілінде ет жүрек, жау жүрек, ыстық жүрек т.б. жаңа эпитеттер, жүрегі балқу, тән шымырлау, жүрегі лүпілдеу сияқты ішкі көңіл-күй атаулары тосын да жаңа белгілер. Абай шығармаларындағы суреттеме тәсіл, фразеологиялық қолданыстар, перифраздардың ұтымды қолданылуы осының барлығы Абайдың қазақ өлеңі құрылысына барлық жағынан жаңалықтар қосып, сол арқылы қазақ өлеңін жоғары дәрежелі жазба поэзия деңгейіне көтерді.
Әдебиеттер:
1. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. А., 1971
2. Ысқақов А. Абай және қазақтың әдеби тілі. Кітапта: Абай тілі сөздігі. А., 1968.
3. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. А., 1968
4. Хасанова С. Ы. Алтынсарин шығармаларының тілі, А., 1972



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет