1-дәріс. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты



бет11/24
Дата21.10.2023
өлшемі130.7 Kb.
#481356
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
әдеби тіл лекция тезистер

Индивидуальдылық немесе осы хаттарға тән айрықша қолданыс деп сәлеміне жолықтым/жолықбадым қолданыстарын айтуға болады. Сәлеміңді алдым, хатыңды алдым деудің орнына жолығу, жолықбау деп айту, әрине, тосын қолданыс. Сол бір уақыт үшін норма болғаны байқалады.
Алғашқы сіз ойлаған... түріндегі тіркесімдермен келген сөйлемдер адресантқа қайтарылатын жауап деуге болады. Екінші және үшінші ерекшелік те диалогқа шақыру екені көрініп тұр. Бірінші сіз жазғандай, сіз келтіргенге басталатын жауап тұтас хаттың тірегі болып, оның негізін құрауы мүмкін. Шоқанның хатындағы «Мақыжан һәм саламат ол бұ күнде дачада тұрады «пойұс» дегені кәмар белбеу ләкин аңа еш ләзім жоқ бекер жазған» түріндегі сөйлемі сіз сұраған дегенге келеді және хаттың негізін құрамағанмен, есеп беру, жауап қайтару болып табылады. Тұтасымен алғанда, Шоқанның хаттары әкесіне есеп беру түрінде жазылған хаттарға жатады.
Хаттар тіліне тән тағы бір ерекше тілдік белгі бағалаумен сөйлеуден байқалады. Өйткені автор әр оқиғаға байланысты, жекелеген адамдарға, олардың іс-әрекеттеріне байланысты өз көзқарасын білдіріп отырады. Көзқарас бағалауға сүйенеді. Аталған авторлардың ішінде Шоқанның хаттарында бағалауыштық реңкті (оттенкті) қолданыстар көп. Мысалы: Мұса әкем ақча жібере ме жібермей ме құда білсін ол өзі бір ғажаб адам...
Үнемі бір-бірімен хат алысып, жазысып тұрған тұрақты адресаттардың хаттары сол тұстағы жазба тілдік дәстүрдің нақты көрінісі деп білеміз.
Қазақ әдеби тілінің тарихында тұрақты хат-жауап түрінде өз адресатымен хабарласу Ыбырай Алтынсаринге тән болған. Оның Н.И.Ильминскиймен жазысқан хаттарының құны жоғары. Қазақ жазуы, емлесі туралы маңызды мәселе көтеретін бұл хаттар мәнін күні бүгінге дейін жоймаған деп санаймыз. Ондай нақты тақырыпқа жазылған хаттар Ыбырай Алтынсариннің хаттарының құндылығына куә. Хаттар қымбатты, шапағатты төрем деп басталады. Қазақ арасына орыс алфавитін енгізуді көздеген Н.И.Ильминскийдің көзқарасын өзгерту үшін татар жазуының әсері, орыс алфавитіне көз үйретудің қиындығы, мектеп оқулықтарының мектептің есігінен шықпай, таралмай қалуын дәлелдеуі, соның барысында орыс алфавитіне деген, оның қазақ даласына таралуына деген қарсылығы сезіледі. Алтынсариннің өзіндік ойы бар, өз көзқарасын қорғай алатын адам екені көрініп тұрады.
Хаттар көбінесе қоштасудың қош болыңыз формасымен аяқталады. Ал 1862 жылға 26 январьдағы хатын Өзіңіздің Алтынсариніңіз деп аяқталған.
Шыңғыс хат соңында хұдадан ... тілеп жазғушы деп өзінің аты-жөнін, лауазымын (аға сұлтан) тізіп көрсетеді.
Әдебиеттер:

  1. Өмірәлиев Қ. XV-XIXғ. Қазақ поэзиясының тілі. А., 1976

  2. Сүйіншәлиев Қ. VIII-XVIIIғ. қазақ әдебиеті. А., 1989

  3. Қазақ әдеби тілі тарихының проблемалары. А., 1987

  4. Әбілқасымов Б. ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әде­би тілінің жазба нұсқалары. — Алматы, 1988.

  5. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. -Алма­ты: Ғылым, 1993.

  6. Хасанова С. Көне түркі және араб-латын жазбала­ры. — Алматы: Респ. Баспа кабинеті, 1984.

  7. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. — Алматы: Ана тілі, 2001.

  8. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. — Алматы: Ғылым, 1988




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет