1-дәріс. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты


Дәрістің тақырыбы мен сұрақтары



бет19/24
Дата21.10.2023
өлшемі130.7 Kb.
#481356
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
әдеби тіл лекция тезистер

12. Дәрістің тақырыбы мен сұрақтары
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі
1. Қазақ әдеби тілінің дамуын танытатын жазба нұсқалар
2. Қазақ жазуының жетілуі
3. ХХ ғасырдың басындағы көркем әдебиет стилінің жетіліп, жанрлық жағынан дамуы
4. Публицистикалық, ғылыми, ресми іс қағаздарының тілі.

Тірек сөздер: газет-журналдар, аударма әдебиет, қазақ прозасы, оқу-педагогикалық әдебиет, араб әліппесі, қазақ жазуы.

ХХ ғасырдың басында қазақ тілінде жарық көрген прозалық шығармалар, ауыз әдебиеті, шығармалары мен шығыс әдебиетімен тақырыптас қисса дастандар, оқу педагогикалық сипаттағы кітаптар, аударма әдебиет үлгілері, газет-журналдар бетіндегі публицистикалық материалдар осы тұстағы қазақ әдеби тілінің сапалық жағынан өсіп, стильдік жағынан саралана түскенін танытады.


А.Байтұрсынов ХХ ғасырдың бас кезінде араб әліппесін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру мақсатымен өзгерістер енгізумен шұғылданып, қазақ әліппесін жүйелеп, оқу құралдарын жасады, фонетика, грамматика саласын зерттеп, қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулер жазды.
Қазақ әдебиетінде проза жанрының тез өркендеуіне ХХ ғасырдың басында қоғам өміріне батыл араласа бастаған баспасөз ісінің жедел өркендеуі ерекше ықпал етті. Сол кезеңде жарық көрген газет-журнал беттерінде көркем әңгіме, очерк, шебер аудармалар жиі кездесті. ХХ ғасыр басындағы нағыз қазақ романдарының үлгісі дерлік шығармалар – С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» болды.
ХХ ғасыр басында бірер нөмірі шыққан «Серке», «Қазақ», «Қазақстан», «Айқап» т.б. газет-журналдар қазақтың жазба әдеби тілін дамытуда зор қызмет атқарды, публицистикаға тән көптеген сөздер, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар тұрақталды.
Қазақ әдеби тіліндегі ғылыми стильдің қалыптасуына ХХ ғасырдың бас кезінде медицина, биология ғылым салаларынан аударылған кітапшалар белгілі рөл атқарды.
Қазақ әдеби тілін дамытуда осы кезеңде жарық көрген оқу педагогикалық әдебиеттер мен қазақ тілі жайындағы жазылған еңбектердің де маңызы ерекше.
ХХ ғасырдың басындағы іс қағаздары негізінен аударма материалдары болып келеді. Бұл кездегі ресми іс қағаздары тілінен байқалатын ерекшелік, ол-араб, парсы сөздері, көне түркі тілінің және орыс тілінің элементтері, диалектизмдер.
Әдебиеттер:

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992

  2. Кенжебаев Б., Есназарова Ө. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті. А., 1996

  3. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. А., 1971

  4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі. – Астана:Елорда,2001.

  5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. — Алматы: Ғылым, 1984.

  6. Момынова Б. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. - Алматы: Арыс, 1998;

  7. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. -Алматы, 1963.

  8. Мәжітаева Ш.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі. – Қарағанды. – Қарағанды университеті,2004.

  9. Қазіргі қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылымы. — Алматы, 1983.

  10. 1920-30 жылдардағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Қарағанды,1994 (Құрастырушы:Ш.Мәжітаева).

  11. Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. – Алматы,2001




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет