Әдебиеттер:
1. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1993
2. Қазіргі қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылымы. — Алматы, 1983.
3. Өмірәлиев Қ. ХҮ-ХҮІІ ғ. Қазақ поэзиясының тілі. А., 1976
4. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. Жинақ. А., 1981
5. Қазақ әдеби тілі тарихының проблемалары. А., 1987
6. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры және стилі. — Алматы: Ғылым, 1983.
7. Әнес Ғ. Махамбет өлеңдерінің лингвотекстологиялық ерекшеліктері. Канд.дисс.қолджазбасы. - Алматы,2001.
8. Сыдиқов Қ. Ақын-жыраулар. — Алматы, 1974.
9. Бабатайұлы Д. — Алматы: Жазушы, 1991.
10. Дәрістің тақырыбы мен сұрақтары
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілі
1. ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің сипаты
2. Көркем әдебиеттегі қисса жанры және оның тілі
3. Функционалды стильдердің пайда болуы, дамуы
4. Ыбырай және Абай Құнанбаевтың қазақ әдеби тілі дамуында алатын орны
Тірек сөздер: көркем поэзия тілі, қисса жанры, қоғамдық-публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресми іс қағаздар стилі.
Қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы бұл дәуір XІX ғасырдың 60-70 жылдарынан XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі аралықты қамтиды.
Әдеби тілдің екі түрі — ауызша тараған әдеби тіл және қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі — бар екендігі туралы көзқарас бүгінде әбден қалыптасқан. XІX ғасырдың ІІ жартысына дейін ауызша тараған әдеби тіл өмір сүрсе, XІX ғасырдың ІІ жартысынан бастап ұлттық жазба әдеби тіліміз орныға бастады. Дегенмен, ”әдеби тілдің даму тарихын дәуірлеу мәселесі — аса күрделі мәселе және ол қазақ әдеби тілінің тарихы қай кезеңнен басталады дейтін негізгі проблеманың шешілуімен тығыз байланысты. Қазақ филологиясында бүл жайында әр кезде айтылған ала-құла пікірлер аз емес. Дәуір мен дәуір арасындағы стильдік өзгерістердің көрсетілмеуі – бұлардың үлкен кемшілігі. Мұнда, бір жағынан, халық тарихының маңызды бел-белестері, сатылары, екінші жағынан, әдеби тілдің әлеуметтік қызметінің кеңеюі, стильдік тармақтарға жіктелуі, амал-тәсілдерінің жүйесі, әрбір дәуірдің бұрынғымен салыстырғандығы жаңалығы, стильдік өзгерістер жиынтығы (өйткені, дәуірлерді ажыратудағы негізгі меже де осы, ғасырлар шегі емес) жан-жақты ескерілуі шарт” (Х.Кәрімов. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Методикалық талдау. — Алматы, 1988, 6-б.). Сондықтан Х.Кәрімов қазақ әдеби тілінің тарихын тек 3 дәуірге ғана бөлуді дұрыс деп санайды:
1. Халықтық дәуірдегі қазақ әдеби тілі (XV-XІX ғғ. ІІ жартысына дейінгі кезең);
2. Ұлттық қалыптасу дәуіріндегі қазақ әдеби тілі (XІX ғ. ІІ жартысы — XX ғ. 20 жылдар арасы).
3. Советтік дәуірдегі қазақ әдеби тілі.
Әрине, автордың бұл пікірінің жаны бар, өйткені ғасырларға созылған ұзақ дәуірде бір ғана стильдік тармақтың үстемдік құруы, стильдік құрамда еш өзгеріс болмауы осыған нұсқайды. Бірақ, авторлардың құрамының ауысуы, тақырып ауқымының кеңеюі және сонымен бірге жыраулар мектебінің ақындар мектебіне ұласуы дәуірлеуді межелеуге итермелейтінін де айтпай кетуге болмас. Ең бастысы, тілдегі грамматикалық және лексикалық, өзгерістер қатарында қозғалыс болды, әдеби нормалануда өзгерістер жүрді. Осындай аз да болса мәнді саналатын өзгерістерді ғалым Р. Сыздықова дөп басып, дәл таныған. Соның нәтижесінде жеке дәуірдің ғылыми сипатын қалыптастырған.
ХІХ ғ. ІІ-жартысындағы қазақ әдеби тілінің алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері болды, олар: айтыс өнерінің жандануы, тақырып жағынан кеңеюі, эпикалық шығармалардың туындауы. Сондай-ақ, сөз шеберлерінің араб, парсы, түркі (шағатай) тілдерінен сауатты болуы олардың шығармашылығына, тілдеріне үлкен ықпал етті.
Әдебиеттер:
1. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. А., 1971
2. Ысқақов А. Абай және қазақтың әдеби тілі. Кітапта: Абай тілі сөздігі. А., 1968.
3. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. А., 1968
4. Хасанова С. Ы. Алтынсарин шығармаларының тілі, А., 1972
Достарыңызбен бөлісу: |