1-дәріс. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты



бет21/24
Дата21.10.2023
өлшемі130.7 Kb.
#481356
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
әдеби тіл лекция тезистер

Әдебиеттер:

  1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1960

  2. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973

  3. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. А., 1988

  4. Мажитаева Ш. ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілі. Қ., 2004

  5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы,1999.

  6. Шәкәрім. Шығармаларының жинағы. – Алматы,1998.

  7. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - Алматы:Қазақ энциклопедиясы,1998.

  8. Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы (Хрестоматия). – Алматы,2000


14. Дәрістің тақырыбы мен сұрақтары
Қазіргі қазақ әдеби тілі стильдерінің дамуы
1. Қазіргі қазақ әдеби тілінің даму бағыттары, зерттелу жай-күйі
2. Қазіргі әдеби тілдің нормалары

Тірек сөздер: әдеби тіл, қазақ диаспорасы, терминдер, аударма

Қазақ әдеби тілінің тарихы мен теориясын бір топ қазақ ғалымдарының плеядасы жасады. Бірақ солардың ішінде қазақ әдеби тілін көпаспектілі зерттеу нысаны түрінде бағалап, түрлі бағыттардың бір жерге тоғысқан кешені деп түсініп, жүйеге келтірген, ХҮ-ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейінгі қазақ әдеби тілінің тарихын жан-жақты зерттеп, талдаған, оқулық арнаған ғалым - Рабиға Ғалиқызы Сыздық.


Қазақ әдеби тілінің ұзақ тарихындағы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі теориялық талдаулары мен ғылыми әдістемелік негіздері жетілдіруді күтіп жатқан кезең болып саналады.
Қазіргі қазақ жазба әдеби тілі - сан ғасырлық тарихы бар, дамудың әлденеше сатысынан өткен, бір арнаға ұйыстырылу принциптері мен амалдарының өзгерісіне қарай тілдік құралдары әр сатыдан өткен сайын көбейіп, жетіліп отырған, құрамы күрделі, бүгінгі таңдағы қоғамда басты рөл атқаратын, сонымен қатар функциясы алдыңғы уақыттың кез келгенінен қарағанда күрделенген тіл, сонымен бірге бүкіл интеллектуалдық байлық пен адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың эмоциясы мен түрлі дәрежедегі экспрессиясын жеткізудің құралы ретінде үнемі жетіліп отырған, толығып, толысқан тіл. Сондықтан қазақ әдеби тілі қазақ халқының сан ғасырлық рухани және мәдени байлығының көрсеткіші әрі нәтижесі ретінде бағаланады.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің негізіде ұлт тілі жатыр. Ұлт тілі диалектілерден, түрлі жаргондардан және әдеби тілдің қосындысынан құралады.
Қазіргі қазақ әдеби тілі - өміршең тіл. Өйткені қазіргі қазақ әдеби тілі өткеннің ізін, тілдік дәстүрі мен байлығын, тарихи мұраларын сақтай отырып, кез келген өзгерістерді тез қабылдап, қоғам мен уақыт талабына сай өзгере алатындығын көрсетті. Әдеби тілдің өзі - жалпыхалықтық тілден өзгешелігі бар ерекше құрылым күйінде алдыңғы ұрпақ қалдырған мұра. Сондықтан әрбір ұлттың әдеби тілінің өзіндік ерекшелігі бар және өзіндік тарихы бар.
Қазіргі қоғамның дамуының қарқынды болуы мен ғылыми-техникалық прогрестің серпінділігі тілдік үдерістердің де тез өтуіне, өзгеруіне әсер етуде.
Қазақ әдеби тілі қазақ қоғамының барлық сфераларын қамтитындықтан көпвалентті, әркімге де міндетті, нормаланған, стильдік жағынан айырымы бар тілге жатады.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық қызметі – қоғамның ауызекі және жазба түрдегі қарым-қатынасын қамтамасыз ету, қоғамдық қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін қызмет ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет