1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны


-сурет. Атмосфералық жауын-шашынның шығу тегіне қарай типтері



бет20/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Дәрістер жинағы

14-сурет. Атмосфералық жауын-шашынның шығу тегіне қарай типтері:
1 – конвекциялық, 2 – шептік, 3 – орографиялық.
Конвекциялық жауын – негізінен ауаның конвекциялық ағыны күшті, ыстық белдеулерге тән. Кей жағдайларда, жаз айларында қоңыржай белдеулерде де жиі байқалады.
Шептік жауын – бір-бірінен ауа температурасы және басқа да физикалық қасиеттері жағынан айырма жасайтын, екі түрлі ауа массасы тоғысқанда жауады. Қоңыржай және суық белдеулерге тән.
Орографиялық жауын – негізінен тау жоталарының жел жақ беткейлеріне жауады. Себебі, тау жотасы беткейін бойлап көтерілген ауа салқындап, конденсацияға ұшырайды. Егер теңіз жақтан келген ауа жылы, ылғалды болса, мол жауады.
Атмосфералық жауын-шашын жауу сипатына қарай үш типке бөлінеді:
Ақ жауын – үлкен аумақты қамтып, ұзақ уақыт жауады. Ақ жауын қатпарлы жаңбыр бұлтынан жауады.
Нөсер жауын – қысқа уақыт ішінде, шағын аумаққа төгіп, мол жауады, жаңбыр тамшылары ірі болады. Нөсер жауын будақ жаңбырлы бұлттан жауып, жауын кезінде көбінесе жел соғады, найзағай жарқылдап, күн күркірейді.
Сіркіреген жауын – жаңбыр ұсақ су тамшыларынан тұрады да, бүркіп жауады. Мұндай тамшылардың көзге көрінуі нашар.
Атмосфералық жауын-шашынның атмосферадан мұз түйіршіктері түрінде жауатын түрі бұршақ деп аталады. Бұршақ будақ жаңбыр бұлттан түседі, көлемі әр түрлі болып келеді. Бұршақ ауа температурасы жоғары, тек жаз мезгілінде ғана жауады, қоңыржай ендіктерде жиі жауса, тропиктерде қарқынды түрде түседі. Поляр аймақтарында мүлде жаумайды.
Атмосфералық жауын-шашын жер шары бойынша біркелкі таралмаған. Жер бетіндегі жауын-шашын ең көп жауатын жер– Гавай аралындағы Вамалеале тауы (Кауаи аралы), бұл жерде жылдың 335 күні жауынды болады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері жоғары аймақтар – Гавай аралындағы Уайвиль тауы (11 980 мм) мен Гималайдың оңтүстік беткейіндегі Черапунджи (11 400 мм).
Жер шарындағы ең құрғақ жер – Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлі, бұл жерге жауын-шашын мүлде жаумайды.
Климат карталарында жер бетіне түскен атмосфералық жауын-шашын мөлшері изогиета сызығы арқылы көрсетіледі.
Изогиет (гр. іsos – бірдей, oyetos – жаңбыр) – картада жер бетіне түскен атмосфералық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызық.
Жер бетінің ылғалдану жағдайы, жауған атмосфералық жауын-шашын мөлшеріне байланысты. Жайылма беттің ылғалдану дәрежесін анықтау үшін, жауған жауын-шашын мөлшерін білу жеткіліксіз. Жер бетіне түскен жауын-шашын мөлшері бірдей болғанымен де, булану көрсеткіші түрлі болған жағдайда, ылғалдану дәрежесі түрліше болады.
Географиялық қабықтың ылғалдану дәрежесі ылғалдану коэффициентімен сипатталады.
Ылғалдану коэффициенті – дегеніміз жер бетіне жауған атмосфералық жауын-шашын мен буға айналған су мөлшері арасындағы айырмашылық.
Ылғалдану коэффициенті төмендегідей формуламен анықталады:
К=
Бұл жердегі: К - ылғалдану коэффициенті;
R – жер бетіне жауған атмосфералық жауын-шашын жиынтығы;
Ем – белгілі уақыт ішіндегі буға айналған су мөлшері. Ылғалдану коэффициенті пайыз арқылы өрнектеледі.
Жер бетін ылғалдану дәрежесіне қарай төмендегідей облыстарға бөлуге болады:
Ылғалды облыстар – жер бетінің жылдық ылғалдану коэффициенті 1,50% және одан жоғары. Бұған мәңгі жасыл экваторлық ормандар, қоңыржай белдеудің ылғалды ормандары мен ылғалды тундра жатады.
Ылғал жеткілікті облыстар – жер бетінің жылдық ылғалдану коэффициенті 1,49-дан 1,00%-ке дейін. Жылдың құрғақ кезінде жапырағы түсетін тропика ормандары, қоңыржай ендіктің қылқан және жалпақ жапырақты ормандары жатады.
Орташа ылғалды облыстар – жер бетінің жылдық ылғалдану коэффициенті 0,99–0,60%-ке дейін. Орманды дала зонасына тән.
Ылғал кем облыстар – жер бетінің жылдық ылғалдану коэффициенті 0,59–0,30%-ке дейін.
Ылғал жеткіліксіз облыстар – жылдық ылғалдану коэффициенті 0,29– 0,13%-ке дейін.
Құрғақ облыстар немесе шөлдер – жылдық ылғалдану коэффициенті 0,12%-тен төмен.
Бірінші және екінші облысқа жер шарының ылғалының кірісі шығысынан артық облыстар, ал қалған облыстарға керісінше ылғалының шығысы кірісінен артық аймақтар жатады.
Жер бетіндегі жауын-шашын мол түсетін ылғалды аймақтарды гумидтік (лат. humіdus – ылғалды), аз түсетін құрғақ аймақтарды аридтік (лат. arіdus - құрғақ) облыстар деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет