1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны


-дәріс. Климат, климат құрушы факторлар



бет21/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Дәрістер жинағы

8-дәріс. Климат, климат құрушы факторлар
Климат географиялық қабықтағы тіршілікке зор ықпал етеді. Жер бетінің топырақ және өсімдіктер жамылғысы тікелей климат ықпалымен қалыптасады. Жануарлар дүниесі тіршілігіне де климат әсер етеді. Адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылық қызметі де, тікелей климат жағдайларымен байланысты. Сондай-ақ, климат жер асты суы мен жер бетіндегі – өзен, көл, батпақ, мұздықтардың да жылдық су режимдерін реттеп, жер бедерінің қалыптасуына да, зор әсер етеді. Жалпы жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі климат ықпал негізінде қалыптасып, дамиды.
Белгілі бір жерге тән жылма-жыл қайталанып отыратын ауа райының көп жылдық орташа жай-күйі климат (гр. кlіma – көлбеу) деп аталады. Жергілікті жер климаты бірнеше факторлар әрекеті нәтижесінде қалыптасады. Оған: географиялық ендік, жер бетінің теңіз деңгейінен биіктігі, құрлық пен судың жер беті бойынша бөлінуі, жер бедері, мұхит ағыстары, өсімдік және қар жамылғысы.
Климатты қалыптастырушы басты фактор – жергілікті жердің географиялық ендігі. Күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышы географиялық ендікке байланысты өзгереді. Күн сәулесі жер бетіне неғұрлым тік бұрыш жасап түссе, соғұрлым жер беті мол жылу алады және керісінше жағдай. Жер пішінінің шар тәрізді болуына байланысты, күн сәулесінің түсу бұрышы, экватордан полюстерге қарай көлбеулене береді. Соған байланысты жер бетінің күннен алатын жылу мөлшері де, аталған бағытта кемиді.
Климатқа жайылма бет сипаты да әсер етеді. Күн жылуын бір географиялық ендік бойында орналасқан құрлық пен су бірдей алғанымен, екеуі түрліше қабылдап, жылынады. Құрлық тез қызып, тез суынса, су керісінше, баяу жылынып, баяу салқындайды. Жер бетінің құрлық пен суға бөлінуі, климаттың континенттік және теңіздік типтерінің бөлінуіне негіз болады.
Жер бедерінің алуан түрлі болып келуі климат қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Ауа массаларының таралуында таулар басты климат айырушы шекара болып саналады. Гималай таулары Үнді мұхитынан солтүстікке қарай бағытталған жылы, әрі ылғалды ауаны бөгеп қалса, керісінше жолында көлденең кедергінің болмауынан Солтүстік мұзды мұхиты үстінде қалыптасқан арктикалық ауа массасы әсері біздің жерімізге дейін жетеді.
Климатқа теңіз ағыстары да зор ықпал етеді. Теңіз ағыстарының әсері аумақтың мұхит пен теңізден ара қашықтығына байланысты. Теңіз ағыстар үнемі қозғалыста болады. Құрлықты ішкерлеп енген сайын теңіз ағыстарының әсері кеми береді. Экватор бойынан шыққан жылы ағыстар поляр аймақтарына дейін жетіп, мол жылу әкелсе, керісінше, жоғарғы ендіктерден (поляр аймақтары) шыққан суық ауа, төменгі ендік температурасын анағұрлым төмендетеді.
Жер шары климаты, оның өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, жалпы климатология ілімінің қалыптасып, дамуына ерекше еңбек сіңірген ғалымдар: А.Гумбольдт, А.И.Воейков, В.Кеппен, Л.С.Берг, және Б.П. Алисов болды.
В.Кеппен климатты жіктеуге негіз етіп, жыл мезгілдері ішіндегі ауа температурасы мен атмосфералық жауын-шашын мөлшерін алады. Әр жарты шардан бес негізгі климат типін: тропиктік жауынды климат, құрғақ климат, қоңыржай жылы климат, қоңыржай суық климат, қар климатын бөледі.
Л.С.Берг жіктеуін тек метеорологиялық элементтері негізінде емес, бірнеше географиялық факторларды (құрлық пен теңіз әсері, жер бедері, өсімдік жамылғысы және т.б) ескере отырып, жасап, ой мен қырат климатына бөледі. Ой климатын мұхит пен құрлық климатына, қырат климатын: таулы қырат пен үстірт, тау жүйесі мен жеке таулар климатына топтастырды.
Климатты жіктеуде негізіне, атмосфера циркуляциясына байланысты ауа массалары типтерінің генетикалық шығу тегін алған Б.П.Алисов еңбегі ерекше орын алады.
Б.П.Алисов әр жарты шарды жеті климат (төрт негізгі, үш өтпелі) белдеуіне: экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай, субарктикалық (субантарктикалық), арктикалық (антарктикалық) бөледі. Жекелеген климат белдеулерінен климат типтерін ажыратады.
Экваторлық белдеу климаты – ауа температурасы жоғары, атмосфералық қысымы төмен, желсіз тымық, экваторлық ауа негізінде қалыптасады. Күн сәулесінің мол түсуіне (радиациялық баланс 3066.102 Дж/см2) байланысты бұл белдеуде ауа температурасы бүкіл жыл бойы жоғары, әрі тұрақты болады. Орташа айлық температура +240С - +280С аралығында болады. Температура өте сирек жағдайда +200С-қа төмендеуі мүмкін. Жылдық температура айырмашылығы 10С –тан аспайды, ал тәуліктік амплитуда 10-150С-қа жетеді. Салыстырмалы ылғалдылық жоғары 70-90%. Күннің жыл бойы көкжиектен жоғары (экваторда жылына екі рет зенитте болады) тұруы, жер бетінің қатты қызуына, ол ауа температурасының жоғарылауына қолайлы жағдай туғызады.
Су буларына қанығып, қызған ауа жоғары көтеріледі, конденсацияланып, будақ-жаңбыр бұлтын түзіп, түс ауа нөсер жаңбыр жауады. Экваторлық климат белдеуіндегі жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм жоғары, кейбір бөліктерінде 5000 мм дейін жетеді. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі түсіп, негізінен найзағайлы нөсер жаңбыр тән.
Жыл бойы тұрақты жоғары ауа температурасы мен мол жауын-шашын, өсімдік жамылғысы алуан түрлі болып келетін, ылғалды экваторлық ормандардың қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет