Мемлекет
|
Су ресурстары км2
|
1.
|
Бразилия
|
6250
|
2.
|
Ресей
|
4300
|
3.
|
Канада
|
2900
|
4.
|
Қытай
|
2800
|
5.
|
АҚШ
|
2500
|
Жер шарының мол сулы өзендеріне: Брахмапутра, Ганг, Меконг, Амазонка, Янцызы, Хуанхе, Ориноко, Парананы атауға болады. Адамзат баласы өзен суын ежелден-ақ өзінің күнделікті тұрмыстық қажетіне кеңінен пайдалануда, атап айтқанда, табиғаттағы тұщы судың қоры ретінде, күнделікті ауыз су ретінде тұтынады.
Өзендер – қоршаған орта үшін таза, әрі ең арзан энергия көзі болып саналады. Қазіргі уақытта жер шарының көптеген елдері өзен арнасына салынған су электр стансалары негізінде, экономикасының барлық саласын электр энергиясымен қамтамасыз етуде.
Сондай-ақ өзен суы энергиясы – әлемдегі жаңартылатын энергияның кең таралған көзі болып табылады. Гидроэнергетиканың басты артықшылықтары: энергия ресурстарын үздіксіздігі, үнемді жаңарту, су ресурстарын кешенді пайдалану, ауаны ластайтын шығарындылардың болмауы және отынды үнемдеу.
Әлемдік электр энергиясын өндірудегі гидроэнергетиканың үлесі 18% болса, Норвегия елі тұтынатын электр энергиясының 100% су электр стансаларынан өндіреді, ал, Канада, Швеция, Бразилия елдерінде – 50% болса, Қазақстан өзендері де гидроэнергетика ресурсына бай, республика бойынша өндіретін электр энергиясының 12,3% өзендер еншісінде.
Көптеген елдер аумағындағы өзендер суын тиімді пайдаланып, электр энергиясын өндіруде, оның ішінде, жекелеген мемлекеттер бойынша өзен энергиясын игеру деңгейі төмендегідей (8-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |