1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны


Ағын. Өзеннің ағыс қимасы арқылы ұзақ мерзімде өтетін су шығыны



бет32/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Дәрістер жинағы

Ағын. Өзеннің ағыс қимасы арқылы ұзақ мерзімде өтетін су шығыны өзен ағыны деп аталады. Ағын көлемі тәуліктік, айлық маусымдық және жылдық уақытқа есептелініп алынады. Көпшілік өзендердегі су шығының маусымдық өзгерістеріне байланысты ағынның маусымдық (көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы ағын) және жылдық көрсеткіштері алынады.


Ағынның жылдық көрсеткіші бірнеше жылғы деректердің орташа мәні негізінде алынады. Оны орташа жылдық ағын деп атайды. Ол км3-мен өлшенеді.
Ағын мөлшерін ағыстың шығысына байланысты есептеуге болады. Ол үшін су шығынын ағын есептелінетін мерзімдегі секунд санына көбейтеді.
Өзенге сипаттама беру үшін өзен алабына жауған атмосфералық жауын-шашынның ағынға айналу мүмкіндігін білудің маңызы зор.
Ағын мөлшерінің жауған жауын-шашын мөлшеріне қатынасы ағын коэффициенті деп аталады.
Ағын коэффициенті пайыз арқылы өлшеніп, төмендегідей формуламен анықталады:
;
мұндағы К – ағын коэффициенті; А – ағын мөлшері; N – жауған жауын-шашын мөлшері.
Өзен суының ағын коэффициенті климатпен тікелей байланысты, климат құрғақ болған сайын булану артып, ағын мөлшері кеми береді. Сондықтан жер шары өзендерінің ағын коэффициенті көрсеткіші солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді.
Өзен суының температуралық режимі. Өзен суының температуралық режимі жергілікті жердің климаттық ерекшелігімен тығыз байланысты. Өзен суының жылынуы немесе суынуы, оның қоршаған ортамен жылу алмасуының негізінде жүреді.
Күн сәулесі судың беткі қабатын ғана жылытады да, жылу судың төменгі қабаттарына турбуленттік араласу нәтижесінде тарайды.
Өзен суы температурасы тұрақты болмай тәулік және жыл ішінде өзгеріп тұрады. Су температурасының тәуліктік өзгерісі жылдың жылы маусымында айқын байқалады. Ол негізінен өзендегі су мөлшері мен географиялық ендікке байланысты болып келеді.
Біріншісінде, өзен мол сулы болса, тәуліктік амплитуда көрсеткіші төмен және аз сулы өзендерде керісінше болады.
Екіншісінде, тәуліктік амплитуда солтүстік аймақ өзендері суында төмен болса, оңтүстік өңір өзендерінде жоғары болады.
Өзен суы температурасының тәуліктік өзгерісіне ауа райы жағдайы да ерекше әсер етеді. Су температурасының тәуліктік амплитудасы ашық ауа райы жағдайында жоғары болса, бұлтты, бұлыңғыр ауа райында төмен болады.
Өзен суы температурасы жыл мезгілдеріне қарай да өзгеріп, жазда жоғары, қыста төмен болады. Қыс айларында су температурасы 00С-тан аз айырма жасайды. Полярлық және қоңыржай аймақ өзендері бетін жылдың суық мезгілінде мұз басады. Өзен суы әдетте, ағысы баяу жағалаудан бастап қатады да, ең алдымен жиек мұзы пайда болады. Кейінірек су бетінде мұздың жұқа қабаты - қаймақ мұз түзіледі. Жиек мұз бен қаймақ мұз бірте-бірте ұлғая беріп, өзен бетін тұтас жабады.
Өзен қатқаннан кейін мұз қалындай береді. Мұз екі жағынан қалыңдайды: біріншісі, астынан қалыңдау; екіншісі, жауған қардың еріп, мұзға айналуы нәтижесінде үстінен қалыңдау. Өзендегі мұз қалыңдығы жергілікті жердің климаттық ерекшелігіне байланысты бірнеше сантиметрден, 1-2 м дейін жетеді. Өзен бетін мұз жапқан соң қысқы кезеңге көшіп, грунт суымен қоректене бастайды.
Табиғатта бетін мұз құрсап жатқан өзеннің кей жерлері қыс бойы қатпай ашық жатады, оны жылым деп атайды. Жылым өзен ағысы қатты немесе өзенге жылы жер асты суының қосылған жерлерінде пайда болады.
Көктемде қоршаған орта ауа температурасының жоғарылауы мен су шығынының артуына байланысты өзен бетіндегі мұз ериді. Мұздың еруі жағалаудан басталады да, мұздан арылған жағалау мен мұз арасында жіңішке су жолағы жиек суы созылып жатады. Ауа температурасының бірте-бірте жоғарлауы мен көктемгі жаңбыр өзен бетіндегі қатқан мұзды түгелдей бұзады. Өзен бетінде қалқыма мұздар пайда болып, көктемгі сең жүру басталады.
Қалқыма мұздар әрекетінен мұздың еруі жоғарғы ағысынан басталатын Солтүстік мұзды мұхиты өзендерінің төменгі ағысында заторлар пайда болады. Қалқыма мұздардың өзеннің төменгі ағысын тығындап тастауын затор деп атайды.
Заторлар өзеннің жоғарғы ағысынан келіп жатқан суды тосып, су деңгейін күрт көтеріп жібереді де, жергілікті жерде апатты жағдай туғызады. Мысалы, заторлар кезінде су деңгейі Обьта 8-10 м, Ленада 20 м биіктікке көтеріледі.
Өзен әрекеті. Өзен суы үнемі қозғалыста болатындықтан үш түрлі әрекет жасайды. Біріншісі, өзен арнасын құрайтын тау жыныстарын шаю (эрозиялық әрекет), екіншісі, шайылған тау жыныстарын тасымалдау (транспорттық әрекет) және үшіншісі, тасымалдаған жыныстарын тұндыру (аккумляциялық әрекет). Аталған әрекеттер өзеннің бүкіл өн бойына тән болғанымен де, ағыстың әр жерінде түрліше болып келеді.
Эрозиялық әрекет өзеннің жоғарғы ағысында басым (ағыс жылдам) болса, төменгі ағысында аккумуляциялық әрекет күшті. Орта ағысында эрозиялық пен аккуляциялық әрекеттер күші шамалас.
Өзен шайылған бос тау жыныстарын суға араласқан күйінде тасымалдаса, кесек жыныстарды сүйретіп тасымалдайды.
Өзен суының тау жыныстарын тасымалдау күші ағыс жылдамдығына байланысты. Ол тау өзендерінде күшті болып келеді. Өзеннің суға араласқан жыныстарды тасымалдау мөлшері оның лайлылық дәрежесін көрсетеді.
Өзендердің шаруашылық маңызы. Өзендердің табиғаттағы және адамзат баласы үшін шаруашылық маңызы орасан зор. Жер бетіндегі тұщы су туралы айтқанда, өзендердің маңызы ерекше. Жекелеген елдер бойынша өзен ағысы жөніндегі көрсеткіш төмендегідей (7-кесте).
7- кесте
Өзен ағысы көлемі жөнінен алдыңғы елдер







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет