1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны


-кесте Гидроэнерго ресурсқа бай мемлекеттер



бет34/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Дәрістер жинағы

8-кесте
Гидроэнерго ресурсқа бай мемлекеттер





Мемлекет

Гидроэнергетикалық күші, млрд квт/сағ

Оны игеру деңгейі, %

1.

Қытай

1260

16

2.

Ресей

850

19

3.

Бразилия

765

37

4.

Канада

540

65

5.

Үндістан

500

16

Қазақстанда болашақта гидроэнергетика құрылысының мүмкіндігі зор өзендері қатарына: Іле, Шарын, Шелек, Қаратал, Көксу, Тентек, Қорғас, Текес, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Үсек, Ақсу, Лепсі өзендері жатады.


Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы мемлекеттермен Ертіс, Іле, Сырдария, Шу, Талас сияқты бірқатар өзендердің су ресурстаын ортақ пайдалануда. Аталған өзендердің ағыны қалыптасатын жоғарғы ағыстары Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан аумақтарында жатса, орта және төменгі ағыстары Қазақстан аумағында орналасқан. Мысалы, бастауын Қытай жерінен алатын Ертіс өзені жылына сол жерден өзіне 9 км2 су жинаса, Қытай елі сол судың жылына 1,5 км2-тен 5 км2 дейінгі көлемін өзіне бұрып алуды жоспарлауда. Аталған шара жүзеге асқан жағдайда, Ертіс өзені бойындағы екі су қоймасы мен маңын қоныстанған қаншама халық сусыз қалса, Ресейдің Омбы аймағындағы төменгі ағысында гидроэкологиялық жағдай қалыптасады. Табиғаты қуаң климаттық аймақтарда орналасқан елдер, ықылым заманнан өзен суы негізінде, суармалы егіншілікпен айналысуда. Өзендер су жолы көлігіннің бір саласы ретінде, әсіресе, жолаушы тасымалдауда маңызды роль атқарады. Соңғы жылдары өзендердің реакрациялық ресурс ретінде де маңызы артуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет