1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»


Антикалық дәуірдегі жаратылыстану



бет48/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75
Фил емтихан

Антикалық дәуірдегі жаратылыстану.

«Антика философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады.


Дж.Реале мен Д.Антисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
1)Б.з.д. 6 және 5 ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
2)Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және Сократ.
3)Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
4)А. Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін – кинизм, эпикурейзм, стоицизм, скептизизм, эклектицизм бағыттары кезеңі.
5)Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі – неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6)Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.

Антикалық дәуірдегі жаратылыстану


Географиялық білімнің алғашқы сызбасын, белгілерін ғалымдар ежелгі Шығыс, Месопотамия, Парсы, Египет және Финикия халықтарынан тапқан.


Эратосфен – ежелгі грек ғалымы. Алғаш рет «География» ұғымын енгізіп, өзінің еңбектерінде басқа саяхатшылар мен ғалымдардың жазған деректерін біріктірген.
Клавдий Птолемей - атақты грек ғалымы. География жайында құнды дерек қалдырды. Оның мәліметтерінің негізінде 4 ғасырда әлем картасы жасалды.
Геродот – грек тарихшысы және географы. Қара теңіз бен Каспий теңізі жағалауы, Египет, Кіші Азия және Месопотамияда болып, мәліметтер жазып қалдырды. Алғаш карта жасағандардың бірі.
Милеттік Фалес күн тұтылатынын күні бұрын дәл болжаған. Ол гректерге бір жылдың 365 күн болатынын түсіндірген.
Анаксимандрежелгі грек философы, тұңғыш жаратылыстану ғалымы. Грекияда тұңғыш жер шары картасын сызушы.
Фалес пен Анаксимандр географиялық өзгерістерді ғылыми тілде түсіндіріп, алғаш рет масштабты қолданып карта жасаған.
Пифей – географ, ғалым, саяхатшы. Ол алғаш рет айдың әсерімен мұхиттардың толысуы мен қайтуын түсіндірді.
Аристотель жердің шар тәрізді екенін айтқан. Ал оның шар тәрізді екендігін білу грек ғалымдарына оның өлшемін есептеуге мүмкіндік берді.
Страбон – «География» деген еңбектің авторы.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет