1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»


«Ғылым философиясы мен тарихы» пәні: зерзаты, құрылымы, қызметі



бет50/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75
Фил емтихан

«Ғылым философиясы мен тарихы» пәні: зерзаты, құрылымы, қызметі.

Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша-- адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр.

  1. Араб-мұсылман елдеріндегі ғылым.

Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі, т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Мысалы: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық Әбу Әлгі ибн Сина - оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия» деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, X - XIII ғ-ларда араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі - Аристотель еңбектерін насихаттау талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (IX ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. «Таза ағайындар» ілімі - оқу жүйесіне арнал жазылған 51 томдық энңик. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі оны оқыту мәселе- сіне арналған. Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттан аса көрнекті өкілдері А. Йасауи, ибн Араби, т.б. мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі - Әбу-л-Уәлид Мұхаммед әл-Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп. Араб тіліндегі философияны ғылымда фәлсафа деп те атайды. Бұл, әсіресе, шығыс перипатетиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден бастадың, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның философиядан өзгешелігі - ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда айтылған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл - грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі философиялық тарихи маңызы - Ф.Бэконнан (1561 - 1626) Спинозоға (1632 - 77) дейінгі мерзімді қамтиды. Жаңа заман философиясы көтерген басты-басты мәселелерді Шығыс перипатетиктері мен мұсылман дінтанушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (схоластика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады. Араб философиясының тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. IX - X ғ-да араб философиясы орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты X - XI ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мере, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадан, Отырар сияқты қалаларда ғылым, білім өріс алды. Араб философиясының үшінші орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай араб философиясы тұтастығынан айырылыс ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы Абд әр-Рахман Әбу Зейд ибн Халдун (1332 - 1406) есімін ғана атаймыз. Араб философиясы тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Йасауи ілімі бүкіл түркі халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет