1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым


Диагнозы немесе ауруды анықтау тəсілдері



бет12/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Диагнозы немесе ауруды анықтау тəсілдері. Аурудың ең алғашқы кезеңін, жылқының түгіне жабысып тұрған жұмыртқаларды тауып анықтауға болады. І сатыдағы бөгелек балаң құрттарын, көбінесе күз айларында, ауыз ішінен жəне көмекейден көреміз. Əдетте олар ұрттың жəне қызыл иектің кілегей қабығына еніп, стоматит ауруын қоздырады. Кейде емдік диагностика əдісін қолдануға болады. Қыста немесе көктемнің бас кезінде ауруға күдікті жылқыға 6-8 мл мөлшерінде күкіртті көміртек немесе 40-80 мг/кг мөлшерінде 2 % хлорофос ерітіндісін бергеннен кейін асқазандағы балаң құрттар өліп, нəжіспен сыртқа шығады. Өлекседегі өзгерістер. Негізінен қарын мен ішекті зерттеудің тəжірибелік маңызы өте зор. Мұндайда балаң құрттардың саны мен сапасы, яғни инвазиялану дəрежесі, бөгелектің түрлері толық ажыратылады. Бұл деректердің осы шаруашылықтағы басқа да жылқылардың ауруын болжауда маңызы зор.
Емі. Гастрофилездің емі І сатыдағы балаң құрттарды жоюдан басталады. Бөгелектердің көптеген түрлері жұмыртқаларын теріге салатын болғандықтан жылқыны 1 % хлорофос ерітіндісімен əрбір 20 202 тəулік сайын бүрку əдісімен емдеу жақсы нəтиже береді. Əр малға 1,5-2 л есебімен хлорофос ерітіндісін ДУК, ЛСД машиналары жəне т.б. себелеу қондырғылары көмегімен шашады. Сонда-ақ, І сатыдағы балаң құрттар 3-4 аптадай ауыз ішін мекендейтінін ескере отырып, оларды жою үшін ауыз қуысын 2 % хлорофос ерітіндісімен шаяды. Ішек-қарынға түскен ІІ жəне ІІІ сатыдағы балапан-құрттарға қарсы зонд арқылы жылқыға мынадай дəрілер беріледі: тролен 90 мг/кг мөлшерінде, амидофос - 48 мг/кг мөлшерінде, үшхлорметафос-3 48 мг/кг, мөлшерінде немесе хлорофосты 40 мг/кг мөлшерінде жемге қосып, 3 тəулік ұдайы береді. Сонымен бірге балаңқұрттарға қарсы эквален жəне ивермектин дəрілері қолданылады. Гастрофилезді күзде емдеген тиімді, себебі бұл əлі аурудың асқынбаған кезі. Жылқыны тобымен емдеу үшін арнайы жем түйіршіктері қолданылады. 1 кг жем түйіршігі құрамында 10-12 г хлорофос бар. Бір жылқыға 1 кг жем түйіршігі беріледі. Қыста хлорофосты жылқыға қарға қосып беруге болады. Жылқының жасына қарай хлорофос мына мөлшерде беріледі: 1 жасқа дейінгі құлынға-15 г, 2 жасқа дейінгілерге 20 г, 3 жасқа дейінгілерге- 25 г, 3 жастан асқандарына- 30 г. Ол үшін хлорофосты ыстық суға ерітіп астаудағы қарға шашады. Сонан соң қарды араластыру керек. Мұның алдында тəулік бойы малға не су, не қар бермеу шарт. Хлорофосы бар қарды 10-12 сағаттай жылқыға жегізеді.
Дауа шаралары. Жаздың ыстық күндері жылқыны ат қорада ұстап, түнде жаю керек. Терідегі бөгелектің жұмыртқалары мен жаңа шыққан І сатыдағы балаң құрттарын жою үшін жылқыны аптасына бір рет 2 % хлорофос ерітіндісімен бүрку қажет. Мезгіл-мезгіл жылқының үстін тазалап, түгіне жабысып тұрған бөгелек жұмыртқаларын өткір пышақтың жүзімен, түктің жығылған жағына қарай қозғап, қырып тастау керек. Мұндайда желімді затпен жабысып тұрған жұмыртқалар жерге түсіп қалады. Абайламаған жағдайда жұмыртқадан шыққан І - сатыдағы балаң құрттар тазалаушы адамның қолындағы сызаты арқылы, тері астына еніп, тері гастрофилезін тудыруы мүмкін. Адам терісінің астымен балаң құрттар жылжыған сайын қоңыр жіп тəрізді із қалады, сондықтан бұл ауруды орысша “волосатик” дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет