Емі жəне дауа шаралары. Жануарларды таза, құрғақ қорада ұстау керек. Мезгіл-мезгіл малдың бойын жаздырып серуенге шығару, мал үстін тарақпен тарап жəне шашамен тазалап тұрған жөн. Сифункулятозға шалдыққан малды, одан сау фермаларға ауыстырмау 228 керек. Биттеген малды мына инсектицидтер қолданып бүрку əдісімен дəрілеу керек: 0,75 %–ті хлорофос ерітіндісі, 0,75 %- ті карбофос эмульсиясы, 5 %-ті оксамат эмульсиясы, 0,15 %-ті циодрин эмульсиясы, 0,01 %-ті перметрин эмульсиясы.
Сондай-ақ аэрозоль баллондарындағы акродекс, гематопиназоль, инсектол, дерматозоль бір жануарға 40-60 г мөлшерінде шашылады. Биттен жануарларды арылту үшін арасына 10-14 тəулік салып 2 рет дəрілейді.
20.Жылқы қансорғыштары, морфологиясы, биологиясы және олармен күрес шаралар. Жылқы гастрофилезі ЖӘНЕ Жылқы ринэстрозы ҚАНСОРҒЫШТАР ТУДЫРАТЫН АУРУЛАР
Соналар (Tabanіdae) Соналар-ірі қансорғыштардың бірі. Олар жылдың ыстық кезеңінде жануарларға жаппай шабуылдайды. Сондай-ақ, соналар су-ауру, топалаң жəне т.б. аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Соналардың 3500-дей түрі белгілі. Ол Dіptera қосқанаттылар тегіне, Brachіcera қысқа мұрттылар тек тармағына, Tabanіdae тұқымдасына жəне 65 туысқа бөлінеді. Евразия аймағында соналардың 190 түрі бар. 207
Мал дəрігерлік маңызы барлары:
1. Tabanus - нағыз соналар;
2. Chrysops - ала соналар немесе алтын көздер;
3. Haematopoda – жауын соналары немесе қан жалағыштар.
Морфологиялық құрылысы. Соналардың дене тұрқы 1-3 см дейін болады. Басқа жəндіктер сияқты соналардың да денесі үш бөлімнен тұрады: бас, кеуде жəне құрсақ. Сыртқы түсі əр түрлі. Басы жалпақ, оның екі жағында ірі күрделі (фасеткалы) көздері бар. Көптеген түрлерінің төбесінде нүкте тəрізді 3 қарапайым көздері де баршылық. Ауыз мүшелері тікенді-сорғыш болып, қан соруға бейімделген (ұрғашы соналарда). Еркек соналардың ауызы сорғыш түрлес, себебі олар тек қана өсімдік шырынымен қоректенеді. Кеудесі жақсы дамыған, оған ірі қанаттары жəне үш жұп аяқтары бекиді. Құрсағы қап тəрізді, 7 буылтықтан құралған. Tabanus туысына жататын соналар ірі, оған T. bovіnus жəне т.б. түрлер жатады.
Chrysops туысының (ала соналар, алтын көздер) дене тұрқы орташа. Олардың негізгі түрлері: Ch. relіctus,Ch. pіctus жəне т.б. Мұртшалары ұзындау, қанаттары ала. Haematopoda туысы (жауын соналары) қан жалағыштар. Бұл туыстың түрлері: H. fluvіalіs, H. crassіcornіs.
Достарыңызбен бөлісу: |