1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым


Паразитиформдық кенелерді мал және құс денесінен, қорасынан жинау әдістері



бет46/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   98
паразит экзамен ответ 1

49.Паразитиформдық кенелерді мал және құс денесінен, қорасынан жинау әдістері.
Parasіtіformеs тегіне жататын кенелердің дене тұрқы ірі келеді. Олар жай көзбен жақсы көрінеді. Бұл кенелер жануарлар (кейде құстар) денесінде (эктопаразиттер) паразиттік жолмен тіршілік етеді. Сондай-ақ олар түрлі аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл текке жататын кенелердің ішінде мына тұқымдастарының мал дəрігерлігінде маңызы бар.
50.Қой псороптозы, диагностикасы, емі және профилактикасы.
Қой псороптозы саркөптоидозды аурулардың басылу, даму, таралу, пайда олу заңдылықтары тән. Осыған байланысты есепті түрде әр түрлі Эпизоотологиялық факторлардың өзара байланысы пайда болады. Аурудың ағымы жыл 
уақытына, қойдың жасына, тұқымына, күтіпбағу, азықтандыру жағыдайларына және басқада факторларға байланысты.
Қотыр ауруларын нақты анықтау үшін микроскопиялық зерттеулер жүргізу керек. Зерттелетін зат-ауру малдан алынған тері қырындысы. Ол үшін қандауырдың үшкір жағымен терінің сау жəне зақымданған жерінің шакарасынан қырынды алынады. Қырындының көлемі 0,5-1 см 3 -дай болуы шарт. Қырынды ішінен қотыр кенелерін табудың бірнеше əдісі бар. 1). Ауру малдан алынған қырындыны бактериологиялық тостағанға салып, қақпағын жабады да, қақпақ жағын төмен қаратып, термостат ішіне немесе ыстық (600С) суға толы стакан үстіне қояды. 5-10 минут өткен соң тостағанның қақпағын қырындыдан босатып алып, микроскоп немесе күнтартқыш үлкейткіш шыны арқылы зерттейді. 2). Шыныдағы қырындыға бірнеше тамшы керосин тамызып, үстін жапқыш шынымен жауып езгілейді де, микроскоппен кенелерді іздестіреді. 3). Шыныдағы қырындыны бірнеше тамшы 10 % сілті ерітіндісімен жұмсартып, 10 минуттан соң қысқашпен аз-аздап алып, микроскоп арқылы зерттейді.
Емі. Қой малын көбінесе арнаулы тоғытпада тоғыту əдісімен емдейді. Қотыр шығып жүрген шаруашылықтарда қойды екі маусымда, яғни көктемде қой қырқылғаннан кейін жəне күзде (күздің жайма - шуақ жылы күндерінде) тоғыту жақсы нəтиже береді. Қой тоғытуға 0,05 % неоцидол эмульсиясы қолданылады. Емдік мақсатымен қотыр кездесетін отарларда арасына 10-12 күн салып, екі рет тоғыту жақсы нəтиже береді. Шет елдік дəрілерден соңғы жылдары ивомек қолданылып жүр. Ол қойдың əрбір 50 кг тірілей салмағына 1 мл-ден тері астына (қолтықтағы) 157 егіледі. Бұл дəріні қыста пайдаланған өте тиімді. Бутокс, протеид, байтикол дəрілерінің де емдік қасиеті өте жоғары.
Қотырды(қышыма) болдырмас үшін қой малын екі рет: жазғытұрым жəне күзде тоғыту қажет. Сондай-ақ, мезгіл-мезгіл мал дəрігерлік байқаудан өткізіп отыру шарт. Сырттан əкелінген малды 1 ай бойы оқшаулап бағып, оған үнемі мал дəрігерлік байқау жасайды. Қотыр мал бөлек бағылып, емделеді. Мал ішінен қотыр шыққан шаруашылықтан бірде-бір бас малды басқа жаққа шығаруға болмайды. Қора-жай, құрал-саймандарды, қотыр малды күтетін адамдардың киімдерін əртүрлі физикалық жəне химиялық əдістермен мезгіл-мезгіл зарарсыздандырып отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет