1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым


Қой псороптозы, емі және профилактикасы



бет47/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98
паразит экзамен ответ 1

51.Қой псороптозы, емі және профилактикасы.
Емі. Қой малын көбінесе арнаулы тоғытпада тоғыту əдісімен емдейді. Қотыр шығып жүрген шаруашылықтарда қойды екі маусымда, яғни көктемде қой қырқылғаннан кейін жəне күзде (күздің жайма - шуақ жылы күндерінде) тоғыту жақсы нəтиже береді. Қой тоғытуға 0,05 % неоцидол эмульсиясы қолданылады. Емдік мақсатымен қотыр кездесетін отарларда арасына 10-12 күн салып, екі рет тоғыту жақсы нəтиже береді. Шет елдік дəрілерден соңғы жылдары ивомек қолданылып жүр. Ол қойдың əрбір 50 кг тірілей салмағына 1 мл-ден тері астына (қолтықтағы) 157 егіледі. Бұл дəріні қыста пайдаланған өте тиімді. Бутокс, протеид, байтикол дəрілерінің де емдік қасиеті өте жоғары.
Қотырды(қышыма) болдырмас үшін қой малын екі рет: жазғытұрым жəне күзде тоғыту қажет. Сондай-ақ, мезгіл-мезгіл мал дəрігерлік байқаудан өткізіп отыру шарт. Сырттан əкелінген малды 1 ай бойы оқшаулап бағып, оған үнемі мал дəрігерлік байқау жасайды. Қотыр мал бөлек бағылып, емделеді. Мал ішінен қотыр шыққан шаруашылықтан бірде-бір бас малды басқа жаққа шығаруға болмайды. Қора-жай, құрал-саймандарды, қотыр малды күтетін адамдардың киімдерін əртүрлі физикалық жəне химиялық əдістермен мезгіл-мезгіл зарарсыздандырып отыру қажет.
52.Мал псороптозын тоғытып емдеу жолдары.
Ауа райына, яғни күннің ыстық-суықтығына байланысты əр түліктің қотырын емдегенде ылғалды немесе құрғақ əдістер қолданылады. Ылғалды əдісі тиімді жəне еңбекті (құрғақ əдіспен салыстырғанда) аз тілейтін əдіс.
Малға жабысқан кенелерді жою үшін акарицид дəрілерді бүрку арқылы немесе сол дəрілермен тоғыту арқылы дəрілеу жұмысы жүргізіледі. Ірі қара мен қойды шомылдыру үшін арнаулы жүзіп өтетін тоғытпа жасалады. Тоғытпа кірпіштен, тастан, темір бетоннан жасалған күрделі құрылыс. Қой тоғытатын тоғытпаны ферма маңына салады. Тоғытпа маңында құдық болуы тиіс, оған мал тоғытылған сұйықтықты ағызып, біртіндеп жерге сіңіртеді. Малды тоғыту үшін акарацид ерітінділері мен эмульсиялары қолданылады.
53.Мал хориоптозы және олармен күрес шаралар.
Тері жегіш, яғни терінің үстіңгі эпидермис торшаларымен қоректенетін Chorіoptes туысына Psoroptіdae тұқымдасына жататын қотыр кенелері қоздыратын саркоптоидоздардың бір түрі. Қоздырғышы Chorіoptes туысына жататын кенелердің пішіні сопақ, дене тұрқы 0,3-0,4 мм, тұмсығы терінің жоғарғы қабатын, яғни эпидермисті кеміруге бейімделген. Жақсы дамыған төрт жұп аяқтары бар. Ұрғашы кенелердің бірінші, екінші жəне төртінші жұп аяқтарына қысқа жəне бунақталмаған тірекшелерге орналасқан сорғыш жабысқақтары бар. Еркек кенелердің барлық аяқтарында сорғыш жабысқақтары жақсы дамыған. Малдың əр түлігінде өзіне ғана тəн Chorіoptes кенелері өмір сүреді. Ірі қарадаChorіoptes bovіs, жылқыда- Ch. eguі, ешкіде- Ch.caprae, қойда- Ch. ovіs. Бұл кенелер де өзінің өсіп-өніп дамуында мына сатылардан өтеді: жұмыртқа, балапан-құрт, протонимфа, телеонимфа жəне имаго.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет