45. Кенелер коллекциясынан Boophylis туысы кенесін тауып, сипаттаңыз.
Boophylus (бұқа сүйгіш). Аталық кене тұрқы 2,5 мм, аналығы 5 мм, түстері ашық қоңыр-сарғыштау. Тұмсығы қысқа жалпақ, негізі дөңгелек алты бұрышты, көздері бар. Басқа кенелердің түрінен айырмашылығы перитремасы сопақтау, анал жырашығы жоқ. Boophilus - туыстығы кенелерін өсіру үшін, шыны түтікке құм салудың қажеті жоқ, тек түтік аузындағы мақта тығынды күнделікті ылғалдап отырады. Бұл туыстықтағы кенелерді 22-28º С температурада өсіреді. Дәл осындай әдіспен Hyalomma, Haеmоphysalis, Rhipicephalus туыстығы кенелерін де өсіреді. Тек, түтіктің мақта тығынын күнделікті емес, күн ара ылғалдайды. Кенелер толық жұмыртқалаған соң, ондағы икубациялық режим толық сақталынуы керек, түтікті шайқауға, қатты қимылдатуға болмайды. Кенелерді көптеп өсіру қажеттілігі болғанда, шыны түтікті кенелерімен эксикаторға орналастырады. Эксикатордағы ылғалдылық 75% болу үшін оның түбіне ас тұзы салынған, бетіне су құйылған стакан қояды (ас тұзын қоймалжыңғып ерітеді). 50% ылғалдылық болу үшін эксикатор түбіне көмірқышқылды калий тұзының қаныққан ертіндісін құяды. Ал, 15-24% ылғалдылық алу үшін, эксикатор түбіне сірке қышқылды калий тұзының қаныққан ерітіндісін құяды.
46. Кенелер коллекциясынан Аргас туысы кенесін тауып, сипаттаңыз.
Аргас кенелерінің денесі сопақтау, бас жағы сүйірленген. Аш кененің денесі қабысқан, оның көлемі 4-10 мм, ал қан сорғанда ұлғайып, дөңгелектенеді. Кененің түсі қызғылт немесе сұрғылт сары. Аналық кенелердің жыныс тесігі көлденең сызықша тәріздес, ал, еркек кенелердің жыныс тесігі айшыққа ұқсас болып көрінеді. Кененің дене қабыршағы жұмсақ, жотасы мен бауырында қалқаншалар болмайды. Көздері жоқ. Кутикуланың қалың тұстары дөңгеленіп, білеуленіп ерекше бөлініп, кене жотасына диск тәріздес өзіне тән, ерекше көрініс береді. Аяқтары иксодид кенелерінің аяқтарына ұқсас. Жыныс тесігі 1 және 2 жұп аяқтарының аралығына орналасқан. Кененің тұмсығы жота жағынан көрінбейді, үйткені ол кененің астыңғы жағындағы ойыққа орналасқан. Кене төрт даму сатысынан өтеді: жұмыртқа, балаң кене, нимфа, ересек кене (имаго). Балаң кенеде үш жұп аяқ болады, жыныс тесігі ашылмаған. Нимфасы 2-7 сатыдан өтеді, олардың төрт жұп аяқтары бар. Олар көбінесе, мал қора қабырғаларының жарықшақтарында, кемірушілердің ініне, құстардың ұясына жұмыртқалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |