1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым


Кенелер коллекциясынан қора кенесін тауып, сипаттаңыз



бет45/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   98
паразит экзамен ответ 1

47. Кенелер коллекциясынан қора кенесін тауып, сипаттаңыз.
Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында ескі мал қораларында қора кенелері жиі кездеседі. Олар көктем-қыс айларында мал денесіне жабысып, мал басын едәуір шығынға ұшыратады. Қора кенесін жою үшін, мал қорасын мұқияттап тазалаған соң, қораның әр 1м2 200-400 мл есебімен 1% ДДВФ суспензиясын немесе 0,025% анометрин эмульциясын, немесе 0,05% диазинон (неоцидол) эмульциясын шашады. Күзде мал қамар алдында қораны тазалап, аталған дәрілердің бірімен қайта дәрілейді.
Құс, мал қораларын иксодид және аргас кенелерінен тазарту үшін оларды механикалық әдіспен тазарту қажет. Қораны, қора ауласын қибопырдан, қоқыстан тазартады. Сонан соң, кенелер орналасатын жерлерді жояды. Қора қабырғасындағы қуыстарды, жарықтарды топырақпен немесе әкпен сылау жұмыстарын жүргізеді. Кеміргіштер інін шыны сынықтарымен, таспен толтырып, сыртын цементтеп тастау керек. Ағаш жарықтарын, қуыстарын да известь-цемент қосындысымен немесе топырақ және цемент қосындысымен сылап, кепкен соң сыртын бояп тастайды. Қора қабырғаларын 30 % хлорофос қосылған әкпен немесе бормен әктеу керек.
48. Аргас кенелерін құс денесінен және қорасынан жинау әдістері.
Аргас кенелерін жинау. Аргас туыстығындағы кенелер негізінен құс қораларында өмір сүреді. Күндіз баз қуыстарын, ұя түбін сыпырып, жиналған қоқыстарды ақ қағаз бетіне салып, арасынан кене іздейді. Кене тез жылжығыш, көзге оңай көрінеді. Түнгі қараңғыда қуатты жарық көзі арқылы құс торының еденін, құс денесін, қонақтайтын орнын кенеге тексереді.
Аргас кенелерін құс қораларынан жинайды. Қабырға жарықшақтарынан, құс ұясынан қоқырсық жинап, бір бет ақ қағазға салып, жарықта мұқият қарайды. Егер кене болса, олар қозғалып көзге көрінеді. Түнде шам жарығымен тауықтар қонақтайтын ағашты, торшалардың еденін, тауықтардың денесін қарап, кенені табуға болады. Құс, мал қораларын иксодид және аргас кенелерінен тазарту үшін оларды механикалық әдіспен тазарту қажет. Қораны, қора ауласын қибопырдан, қоқыстан тазартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет