1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет77/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Алдын алу шаралары. Нутталлиозға қарсы сақтық шараларын жүргізгенде, оның пироплазмозбен аралас немесе пироплазмоздан сəл кейін шығатынын ескерген жөн. Кейбір шаруашылықтарда əсіресе жас малдың, жаз айларында арық болуы осындай аралас инвазияға байланысты болса керек. Сондықтан жаз айларында осы үйірдегі жылқының қанын мезгіл-мезгіл тексеріп тұру қажет. Егер нутталлиоз ауруы шыға қалған жағдайда оған қарсы алдын ала дауа шаралары жүргізіледі. Меншігінде жылқылары бар жеке жəне заңды тұлғалар, нутталлиоз-дың алдын алу мақсатында мынадай шаралар жүргізеді: ветеринариялық мамандарға жануарларды ветеринариялық профилак-тикалық тексертуден өткізу үшін ұсынады; жануаларды құнды жем шөппен қамтамасыз етуді ұйымдастырады құлындарды сақа жылқылардан бөлек ұстайды;
жануарларды (жылқыларды, есектерді, қашарларды) əкелу жəне жем шөпті сатып алу тек аурудан таза шаруашылық субъектілерінен жүзеге асырылады; барлық жаңадан сатып алынған жануарларды (жылқыларды, есектерді, қашырларды) 30 күндік профилактикалық карантинде ұстайды; қораларда, аулаларда жəне мал тұратын жерлерде профилактикалық дезакаризация жүргізеді; жүйелі түрде жануарлардың терісіндегі кенелермен күрес жүргізеді.


90.Ірі қара франсаиеллезі.
Франсаиеллез – жіті түрде өтетін ауру. Қызба, қан аздық, сарғыштану жəне гемоглобинурия белгілерімен байқалады.
Қоздырғышы. Francaіella colchіcа (Babesіa colchіca) (Jakimoff, 1927) эритроцит ішіне сыңар немесе кейде көптеп орналасады.Олардың пішіні дөңгелек жəне алмұрт тəрізді, тұрқы 2,8 мкм. Жұпталған Ғ.colchіcа сүйір жақтарымен қосылып, “көзілдірік” тəрізденіп тұрады. Паразиттің сыңар түрлері жиі кездеседі. Аурудың алғашқы кезінде қанда олардың саны аз болғанымен, аурудың орташа жəне ауыр түрлерінде эритроциттердің 4-5 % -ін зақымдайды.
Қоздырғыштың өсіп-өнуі. Пироплазмалардан франсаиелдердің өсіп-өнуінің еркшеліктері бар. Оның кенедегі дамуы өзгеше болуы мүмкін. Себебі B.calcaratus кенелерінің балаң кенелері қан сора бастағаннан 3,5 тəуліктен соң-ақ мал зақымдана бастайды. Сондықтан жасырын кезең франсаиеллезде қысқарақ. Сондай-ақ иммунитетте бұл аурудан кейін тұрақтырақ болып, ол бір жылдай мерзімге созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет