1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет78/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Эпизоотологиялық деректер. Ғ.colchіcа – паразитін тек қана B.calcaratus кенелері тасымалдайды. Паразиттің өсіп-дамуы P.bіgemіnum өсіп-дамуымен ұқсас болғандықтан, эпизоотологиялық деректері пироплазмоз ауруындағыдай.
Ауру белгілері де пироплазмоз ауруына ұқсас. Жасырын кезеңі 13-14 күн. Франсаиеллез ауырырақ өткенмен, пироплазмоздан ерекшелігі – гемоглобинурия сирек жағдайларда кездеседі.
Емі жəне дауасы. Франсаиеллезді емдеу мақсатымен азидин (беренил) қолданылады. Мөлшері жəне қолдану əдістері пироплазмоздағыдай. Азидин франсаиеллез ауруының жасырын кезеңінде ғана жақсы əсер береді. Сондықтан одан сақтандыру мақсатымен бүкіл табынды дəрілегенде, франсаиеллезбен ауырған мал жиірек шығып тұрады. Кенелермен күрес жəне симптоматикалық ем де қосымша жүргізіледі.


91.Қой бабезиидоздары.
Бабезиозжіті өтетін ауру, қоздырғышы Babesіa ovіs. Бұл ауруда дене қызбасы, қан аздық, кілегей қабықтардың сарғыштануы жəне гемоглобинурия білінеді.
Қоздырғышы. Романовский əдісімен бояғанда эритроцит ішіндегі бабезия?лардың цитоплазмасы көгілдір, ал ядросы қызыл түсті. Олар сыңар сақина тəрізді, ал жұптары алмұрт тəрізді болып келеді. Алмұрт тəрізділері бір-бірімен сүйір жағымен қосылып, доғал бұрыш түзейді. Бабезиялар эритроциттің шет жағына орналасады,ал кейде біреулері тіпті үстіне шығып алған тəрізді. Əдетте эритроцит ішінде бір, екі жəне сирек жағдайда үш паразит болады. Аурудың жіті кезеңінде эритроциттердің бабезиялармен зақымдалуы 15-45 %-ке жетеді.
Иммунитет. Бір рет бабезиозбен табиғи ауырғаннан соң ересек қойда премуниция бір жылға дейін созылады. 8-12 айдан кейін осы қой қайта инвазияланса, індет жеңіл түрде өтіп, əдетте мал сауығып кетеді. Ауырған малдарда паразиттер екі жылдай сақталады, бірақ олар вируленттік күшін жояды.
Аурубелгілері. Табиғи жағдайда аурудың жасырын кезеңі 9-14 күн. Ауырған жануарлардың қызбасы тез көтеріліп, 42,20С дейін жетеді. Жалпы күйі күйзелген, ауру қой көбінесе жатып алады, тыныс алуы шапшаңдайды, жем мен суды алғашқы кезде ғана қабылдайды. Коньюнктивасы қызарыңқы, ал 2-3 күннен соң бозарып, сарғыштанады. Аурудың алғашқы күндері үлкен қарынның қозғалысы баяу ғана, ал 3-5 күндері мүлде тоқтайды. Құмалағы қатты, шырыш басқан, ал аурудың ауыр түрінде-қан аралас. Несебі, əдетте лайлы, сары түсті, жиірек гемоглобинурия байқалады. Ешкі малында соңғы белгі əдетте болмайды. Бабезиоз 3-7 күнге созылып, егер көрсетілген белгілердің бəрі болса, ауырған қойдың 60-80 %–тейі шығынға ұшырайды. Меринос тұқымдас қойларда жіті бабезиоздың белгілері айқын білінбейді. Ауру мал отардан қала береді, жем мен суды селқос қабылдайды. Қызбасы 40-410С дейін көтеріледі. Егер бабезиоз осылай өтсе, ауырған қойдың көпшілігі ешқандай емсіз өздігінен сауығып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет