1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет76/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Ауру белгілері. Нутталлиоздың жасырын кезеңіі 1-2 апта. Жіті түрмен ауырған жылқының дене ыстығы 410С дейін, ал кейде одан да жоғары көтеріледі, тамыры жиі соғып, ентігеді. Қаны азаяды, сары ауруға шалдығады, кейбір ұлпалары қанталайды. Азыққа тəбеті тартпай, жалпы күйі нашарлайды. Асқазан жолының қызметі бұзылады. Ауру мал арықтап, дене қызуы бір көтеріліп, бір төмендейді. Аурудың бұл түрі 3-6 күнге созылады, егер нутталлиоздың жасырын кезеңінде жылқы жұмыстан босатылмаса, ауру ұзаққа созылады. Нутталлиоздың жітілеу түрінде де осы белгілер байқалады, бірақ олар көмескілеу білінеді. Нутталлиоздың жітілеу түрі 30-40 күнге созылады. Нутталлиоздың жіті жəне жітілеу түрлері дер кезінде емделмесе немесе толық емдеуден өтпеген жылқыны ертерек пайдаланса, ауру созылмалы түріне айналады. Мұндайда нутталлиоздың сыртқы белгілері біртіндеп көмескі тартып, тұрақсыз болады. Қызбасы күн сəулесі түскенде жəне мал жегілгенде, мінілгенде ғана аздап көтеріледі, мал ариды. Мұндай жылқыларды жұмыстан босатып, арнайы дəрілермен емдесе, тез сауығып кетеді.
Диагнозы. Жылқының нутталлиозына диагноз індеттанулық деректердің клиникалылық белгілерінің, патологоанатомиялық өзгерістердің жəне зертханалық зерттеулердің негізінде қойылады. Комплементі байланыстыру реакциясы жəне иммунофлуоресценция реакциясы негізгі серологиялық əдістер болып табылады. Жылқының нутталлиозына түпкілікті диагноз қаннан жəне сөл бездерінен, көк бауырдан немесе бауырдан алынған пунктаттардан дайындалған Романовский-Гимза əдісімен боялған жағындыларды зерттеу арқылы қойылады. Нутталлиоз ауруын дəл анықтау үшін жылқының қаны зерттеледі. Ауру малдың құлақ қан тамырларынан алынған бір тамшы қаннан жұғынды дайындап, ол Романовский-Гимза əдісімен боялады. Боялған қан жұғындысын микроскоппен зерттеп, аурудың жіті жəне жітілеу жəне созылмалы түрлерін анықтауға болады. Қан жұғындысында “мальта кресі” деген түрін табу бұл аурудың нутталлиоз екенінде ешбір күмəн келтірмейді.
Өлекседегі өзгерістер. Нутталлиоздың жіті түріндегі өлекседегі өзгерістері біршама айқындау болады. Өлексені жарып көргенде мүшелері мен ұлпалардың сарғыш тартқаны байқалады, бауыр мен талақ ұлғайып, қан сұйылып, ұю қасиетін жоғалтқан. Осы аталған өзгерістер пироплазмоз ауруында да кездеседі. Бірақ нутталиоздың пироплазмоздан ерекшелігі-мүшелер мен ұлпалардың қанталауы.
Емі. Аурудың белгілеріне қарай симптоматикалық ем қолданып, жылқының күтімі мен азығы жақсартылады. Арнайы химиялық препараттардан нутталлиоз ауруында да пироплазмозға қарсы қолданылатын дəрілер нəтиже береді (диамидин, азидин). Сондай-ақ, нутталиоздың көпке созылып асқынған түрінде 0,005-0,01 г/кг мөлшерінде 5-10 % сульфантрол ерітіндісі бұлшық етке егіледі. Асқазан қызметін қалпына келтіру үшін жемге қосып биомицин 0,002-0,005 г/кг мөлшерінде немесе биоветин береді. Бұл дəрілер іштегі қабыну процестерін тежеп, жылқының сауығып кетуіне əсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет