1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет74/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   98
паразит экзамен ответ 1

88. Ірі қара бабезиозы
Бабезиоз - жіті өтетін трансмиссивті ауру. Ол қызба, гемоглобинурия, анемия жəне кілегей қабықтардың сарғыштануымен, жүрек-қан тамыр, асқазан жүйелері қызметі бұзылуымен байқалады.
Қоздырғышы Babesіa bovіs. Қоздырғышы - B.bovіs. Бабезиялар эритроцит ішін мекендейді, мерозоиттардың пішіні қандауыр немесе алмұрт тəрізді, сүйір ұштарымен екеуі қосылып, доғал бұрышпен эритроциттің шеткі жағына орналасады. Олардың тұрқы 1,0-2,5 х 0,5-1,5 мкм. Қан жағындысында көбінесе жалғыз сақина тəрізді паразиттер, кейде үш жапырақ тəрізділер де кездеседі. Зақымданған эритроциттер саны 7-15 %, сирек жағдайда 40 %-ке жетеді.(қараңыз: I, XVІІI суреттер).
Қоздырғыштың биологиясы. Ірі қара мал организмінде бабезиялар эритроцитте қарапайым əдіспен екіге бөліну немесе бүртіктену арқылы үшке бөлінеді. Кейде бабезияларды эритроциттен тыс плазмада көруге болады. Олардың кене денесінде көбеюі толық зерттелмеген. B.bovіs-ті үш иелі Іxodes rіcіnus жəне І.persulcatus кенелері тасымалдайды. Кенелер ауру немесе ауырып болған жануарлар қанымен қоректеніп, бабезияларды қабылдайды, олар алдымен кененің ішегінде қарапайым əдіспен бөлініп, сонан соң 2-4-6 ядролы гүрзі тəрізді болады (мүмкін ол екі паразиттің қосылу нəтижесінен болар). Мұндай бабезиялар ішектің эпителийіне еніп, көпке бөлшекке бөлінеді де, көп ядролы торшалар түзейді.
Ауру белгілері. Аурудың алғашқы белгілері жануарларды кенелі жайылымға шығарғаннан кейін 12-14 күнен соң білінеді. Көбінесе жануарларда қызба көтерілердің алдында сауымы шұғыл төмендейді, мұндайда сүттің түсі сарғыш тартып, дəмі ащы болады. Дене қызбасы 41-420С дейін көтеріледі, 2-3 күннен соң мал денесі солғын тартып жатып алады, жемнен бас тартқанымен, су ішеді. Тыныс алуы 1 мин ішінде 70-80-ге дейін жиілейді. Жүрек соғысы күшейеді, тамыр соғысы 1 мин ішінде 90-100-ге дейін жиілеп, оның ырғағы бұзылады. Кейде көк тамыр соғуын көруге болады. Алғашқыда несеп қызғылт түсті, соңынан соң қызыл-қоңыр түске айналады (гемоглобинурия). Несеп шығару қиындап сиырлар белін бүкірейтеді. Несеп тоқтағанда сиырлардың бұлшық еті дірілдейді.
Емі. Ауру малды жайылымға шығармай, қолда күткен жөн. Жеңіл қорытылатын азықтан: жас пішен, шөп, тамыр түйнектілердің сабағын, жаңа сауылған сүт, көк сүт жəне су беру қажет. Себебі мал жиі шөліркейді. Жүрек қызметін бақылауға алып, кофеин, камфора, оймақгүл дəрілерін қолдану қажет. Ішек-қарын жолдарының қызметі бұзылғанда, іш айдағыш дəрілерден: глаубер тұзының- 240-300 г, оны зығыр сулы қайнатпасымен береді, 10 %-ті хлорлы натрийдің 0,5 мл/кг мал салмағына мөлшерлеп, күре тамыр арқылы жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет