1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
A) Кеше, бүгін, кешке.
B) Мен, сен, ол.
C) Алыс, қашық, шалғай.
D) Құлақ, бас, көз.
E) Бір, екі, алты.
|
2. Бірыњѓай қысањ дауыстыдан болѓан сµзді кµрсетіњіз.
A) Іні.
B) Немере.
C) Ана.
D) Бала.
E) Шµпшек.
|
3. Сын есiм нені бiлдiретінін белгілеңіз.
A) Заттың атын.
B) Заттың сынын.
C) Заттың қимыл-әрекетiн.
D) Заттың ретiн.
E) Заттың санын.
|
4. Есептік сан есімді кµрсетіњіз.
A) Мыњ-мыњнан.
B) Мыњыншы.
C) Мыњдап.
D) Мыњ.
E) Мыњдаѓан.
|
5. Септеулік шылау қатарын табыңыз.
A) Туралы, яки.
B) Әрі, ғой.
C) Дейін, сияқты.
D) Ма, ме.
E) Және, бірақ.
|
6. Бірыңғай ұяң дауыссыздан құралған сөзді белгілеңіз
A) Қобыз
B) Мұрат
C) Мылқау
D) Мезгіл
E) Доға
|
7. Қос сөздің белгісі қойылатын жерді белгілеңіз.
A) Әлдекім.
B) Бүгін.
C) Алды артына.
D) Сөйтіп.
E) Әлсіздік.
|
8. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Тыңайтқыш.
B) Қуаныш.
C) Сайлаушы.
D) Қозықұйрық.
E) Итмұрын.
|
9. Дерексіз зат есімді табыңыз.
A) Сезім.
B) Бала.
C) Қарындас.
D) Жүрек.
E) Әже.
|
10. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.
A) Бізге жиі келіп тұрады.
B) Үнемі сөйлесіп тұрамыз.
C) Кітап оқып отыр.
D) Біз мұнда жиі келеміз.
E) Кітап оқып отырады.
|
11. Сөйлемде неше еліктеу сөз барын белгілеңіз.
Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
A) 2.
B) 1.
C) 3.
D) 5.
E) 4.
|
12. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Жақсы бала.
B) Қас пен көздің арасында.
C) Тәуелсіз ел.
D) Күрең қасқа.
E) Отыз-қырық.
|
13. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.
Айтпақшы, бүгін мен Асқарды көрдім.
A) Айқындауыш.
B) Бірыңғай мүше.
C) Одағай.
D) Қыстырма.
E) Қаратпа.
|
14. Төмендегі өлең жолдарының авторын атаңыз.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
A) А.Байтұрсынов.
B) А.Құнанбаев.
C) М.Мақатаев.
D) М.Шаханов.
E) Қ.Мырзалиев.
|
15. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгілеңіз.
A) Елпілде.
B) Бағала.
C) Қалашыл.
D) Тақ.
E) Есім.
|
16. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.
A) Әкем.
B) Әкеммен.
C) Әкемді.
D) Әкеме.
E) Әкемде.
|
17. Мына сөздердің ішінен болымсыздық есімдігін табыңыз.
A) Әлдене, әлдекім,
B) Сол, ол.
C) Анау, мынау.
D) Күллі, бүкіл.
E) Дәнеңе, дәнеме.
|
18. Көмектес септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгілеңіз.
A) Баяғыда.
B) Әрең-әрең.
C) Кеңінен.
D) Жоғары.
E) Кезекпен.
|
19. Дара бастауыш бар сөйлемді табыңыз.
A) Ана – ардақты есім.
B) Еңбек түбі – береке.
C) Жиырма бес жас маған тағы қайтып келді.
D) Төрт жерде төрт – он алты.
E) Ырыс алды – ынтымақ.
|
20. Кезектесе байланысқан бірыңғай мүшені анықтаңыз.
A) Бір-біріне ұқсас.
B) Үскірік аяз.
C) Отанды сүй,сонда сен байсың.
D) Кейде қар,кейде бұршақ жауады.
E) Өңшең аппақ құс.
|
21. Сөйлемдер ішінен жақты сөйлемді табыңыз.
A) Қорықпасқа болмайды.
B) Енді қорықпаймын.
C) Менің арзан сөзді айтқым келмеді.
D) Сонша шырқап не керек?
E) Бәрібір менің жатуым керек.
|
22. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.
A) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды.
B) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада.
C) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
D) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді.
E) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.
|
23. Мына сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысының баяндауышының сұрауы қалай, белгілеңіз.
Ағасына көзінің астымен қарап, таңырайған шолақ танауымен шуылдай дем алып тұр.
A) Қашан?
B) Не үшін?
C) Қайтіп?
D) Қалайша?
E) Неге?
|
24. – Әке, сенгеніңізге рахмет!
Сызықшаның қойылу себебін көрсетіңіз.
A) Оқшау сөз.
B) Бастауыш.
C) Қаратпа сөз.
D) Диалог.
E) Төл сөз.
|
25. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
A) Арқасынан таяқ үзген жоқ.
B) Ол әке-шешеден ерте қол үзді.
C) Нариман-тепсе, темір үзетін жігіт.
D) Бала нанның жартысын үзіп берді.
E) Қарт әбден күдер үзген екен.
|
26. Көнерген сөзді табыңыз.
A) Ел үмітін ақтау-ер атағын сақтау.
B) Бадана көзді кіреуке
Шар айнасы бес қабат.
C) Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы.
D) Ел болып, етегіме паналағандарыңа мен ағайын болайын.
E) Шамадан аспа, кемеріңнен таспа.
|
27. Түбірдің анықтамасын табыңыз.
A) Дыбыстардан құралған бөлшек.
B) Заттың атауы.
C) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.
D) Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер.
E) Жалпыға ортақ тіл.
|
28. Жаман дос - көлеңке
Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
Қандай тыныс белгісі қойылмағанын табыңыз.
A) Сызықша.
B) Нүктелі үтір.
C) Үтір.
D) Қос нүкте.
E) Көп нүкте.
|
29. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Алғашқы үтір неге байланысты қойылған, дұрысын табыңыз.
A) Түсіндірмелі салалас.
B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.
C) Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас.
D) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.
E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
|
30. Тырнақшаның қойылу себебін анықтап, дұрысын табыңыз.
Сарқылмас сөзі таудың бұлағындай,
Сиқыр сөз көлдің сұлу құрағындай.
Жортады желмаядай шал кеңеске,
²Осылай болған екен, шырағым-ай².
A) Өлең ішіндегі төл сөз.
B) Сөйлем ішіндегі төлеу сөз.
C) Мақал.
D) Дәйексөз.
E) Мәтел.
|
|