1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы


Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері



бет23/23
Дата07.02.2024
өлшемі69.68 Kb.
#491096
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
1РК Физио группамен (1)

Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері:
1) қозғыштығы (жүйке талшығымен салыстырғанда төмен, себебі еттің МП
шамасы төмен)
2) өткізгіштігі жүйкемен салыстырғанда баяу, шамамен 10-13 м/с;
3) рефрактерлігі (жүйке талшығына қарағанда ұзақтығы көп уақытқа
созылады)
4) лабильдігі – 250-350 Гц
5) жиырылғыштығы (ет талшығының қысқаруы немесе қатаюы).
6) созылғыштығы (серпімділігі) – қатты созылған ет талшығының оны
босатқанда қалпына қайта келу қабілеті.
Тегіс бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері.
Бірыңғай салалы ет бүкіл ішкі қуыс ағзалардың қабырғасында, қан мен
лимфа тамырларында, несеп шығаратын мүшелерде, жатырда, бронхта,
қыспақтар (сфинктер) құрамында және т.б. жерлерде кездеседі. Бұл еттің
физиологиялық қасиеттері қаңқа бұлшықетіндегі сияқты, бірақ оның өзіне
тән ерекшеліктері болады:
1) Қозғыштығы. Физиологиялық қалыпты жағдайда бірыңғай салалы
бұлшықет жасушаларының МП - 60 -70 мВ арасында, ал өздігінен қозатын
миоциттерде - -30-60 мВ болады. Қаңқа етімен салыстырғанда,оның ӘП-ның
мөлшері төмен және ұзақтау (10-50 мс), ал мембрананың деполяризациясы
Ca2+ иондарының жасушаның ішіне енуімен байланысты.
2) Өткізгіштігі. Бірыңғай салалы еттердің құрылымды-әрекеттік бірлігі болып табылады.
Қаңқа мен тегіс бұлшықет контрастының қандай ұқсастықтары бар?

  • Қаңқа және тегіс бұлшықеттің жиырылуы Ca2 + концентрациясына байланысты. Қаңқа және тегіс бұлшықеттің жиырылуы дене қозғалысы мен формасын сақтау үшін өте маңызды.


28. Бұлшықеттердің күші мен жұмысы. Бұлшықет тонусы. Бұлшықеттердің қажуы.
Еттің жиырылу күші
Еттің жиырылу күші тітіркендіркіштің күшіне, жиілігіне және еттің құрылыс ерекшелігіне, функциональдық жайдайына байланысты. Бұлшықет мыңдаған ет талшықтары будағынан тұрады.
Қозу табалдырығы анықталған бұлшық еттің тітіркендіргіш күшін біртіндеп көбейтсе, бұған сәйкес еттің жиылыру күші біртіндеп өседі. Дегенмен тітіркендіргіштің күші белгілі бір дәрежеге жеткен соң, еттің жиырылу күші де одан әрі күшеймейді. Осыған сәйкес тітіркендіргіштің ең төмен және ең жоғарғы табалдырық күші болады. Бұл әрбір бұлшықеттің құрамындағы моторлық бірліктің, яғни козуының әртүрлі екенін көрсетеді, соған сәйкес қозу табалдырығы да әртүрлі болады. Ең төменгі табалдырық ең қозғыш моторлық бірлікті қоздырады, ал ең жоғарғы табалдырық күш бұлшықеттегі барлық моторлық бірлікті қоздыраады, себебі олардың қозу табалдырық күшінен жоғары. Мұнымен қоса еттің жиырылу күші тітіркендіргіштің жиілігіне байланысты. Еттің оптимум жіне пессимум жиілігі болатыны және оның себебі белгілі. Ұзын ет талшыұтары қысқаларына қарағанда қаттырақ жиырылады. Қажыған еттің жиырылу күші біртіндеп азаяды. Еттің кқтере алатын ең үлкен жүгімен еттің күші анықталады. Бұл күшті максималдық күш деп атайды, бұл кезде ет талшықтарының бәрі қатысады, қатаяды. Максималдық күш ет талшықтарының санына және оның әр қайсының жуандығына байланысты болады. Еттің максимальдық күшінің оның анатомиялық көлденеңінің ауданына қатынасын еттің салыстырамалы күші деп атайды. Ал еттің анатомиялық көлденеңі дегеніміз еттегі барылқ талщықтардың көлденең кесіндісінің жинақы ауданын айтады. Сонымен қатар еттің физиологиялық көлденеңі деген ұ,ым бар, оны көлденең ауданы деп те атайды. Егер ет талшықтары бір бірімен қатар жатса, онда еттің жинақы физиологиялық көлденеңі оның анатомиялық көлденеңіне тең болады. Ал еттің талшықтары құстың жүні тәрізді қисық орналассса, онда әр талшықтың қақ орнатыснан өтетін көлденең сызығының ауданы анатомиялық ауданынан жоғары болады. Сол себепті бұл еттер күштірек келеді. Еттің максимальдық күшінің физиологиялық көлденеңіне қатынасы еттің абсолюттік күші деп аталады.

Еттің жұмысы


Егер ет жиырылып ауырлық көтерсе, ол оның белгілі бір жұмыс істегенін көрсетеді. Бұл кезде еттің ұзындығы қысқармайды. Мұны статикалық (қозғалыссыз) жұмыс дейді. Ал ауырлықты бір жерден екінші жерге көтеріп апаратын жұымсты динамикалық жұмыс дейді. Динамикалық жұмысты өлшегенде ауырлықты (Р) көтерген биіктікке (һ)көбейтеді. W=Pxh Жұмыс «кгм» мен белгіленеді.
Жұмыс барысынадағы көтерілетін ауырлықтың мөлшері орташа болса, жұмыс көп істелінеді. Бұл жұмыстың орташа ауырлық заңы деп аталады. Сонымен қатар жұмыс нәтижесі оның ырғағына да байланысты. Орташа ырғақты жұмыс істегенде жұмыскерлік ұзаққа созылады, сәйкесінше жұмыс көп істеледі. Бұл жұмыстың орташа ырғақ заңы деп аталады.
Еттің қажуы.
Етті ұзақ уақыт белгілі бір ырғақпен тітіркедіріп отырса, оның жиырылу қабілеті біртіндеп төмендеп, ақыры мүлдем жауап бермей қояды, Бұны біз еттің қажуы деп атаймыз. Жәнеде бұл уақытша құбылыс. Біраз үзіліс жасап, тынықтырса, ет қайтадан жиырылу қабілетіне ие болады. Еттің қажуын эргограммамен жазып алады. Еттің жиырылуы пессимум жиілікте де тоқтатылады. Бірақ қажу мен пессимум жиілікте тоқтатылуының физиологиялық айырмашылығы бар. Ет қажуы демалған соң біртіндеп қалпына келеді, ал пессмимум жиілікте тітіркендіргіш жиілігін азайтса болды, жиырлғыштық қасиеті бірден пайда болады. Пессимум жиілікте қажыған етте кездесетін химиялық өзгерістер мен контрактура болмайды. Қажи бастаған кезде еттің латенттік кезеңі ұзараады, жиырылу күші біртіндеп төмендейді, еттің босауы ұзаққа созылады. Жұмысы тоқтағанымен ет толық босамайды, мұны қалдық жиырылу немесе контрактура деп атайды.
Қаңқа еттері біріңғай салалы еттерге қарағанда тез қажиды, еттің қажу себебі толығымен зерттелмеген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет