2. Физиология тарихы. Физиологияның дамуындағы шетелдік және отандық ғалымдардың рөлі.
Басқа да билогиялық ғылымдар іспетті физилогия ертеден дамыған. Бізге жеткен деректер бойынша, байырғы Қытай, Үнді, Грек, Орта Азия елдерінің ойшыл ғұламалары, дәрігерлері организмінің құрылысы, тіршілік әрекеттері туралы көптеген мәліметтер жинаған. Жаңа дәуірге дейін 4 ғ-да өмір сүрген Гиппократ пен Аристотельдің (ж.д.д. 384-322жж.) еңбектерінде адам организмінің негізін, оның көптеген құбылыстарын түсінуге арналған әрекеттерді байқалады. Алайда, ғылымның өте нашар дамуына байланысты олар біраз сауалдарға, қазіргі тұрғыдан алғанда дұрыс жауап таба алмаған. Өйткені, физиологияның алғашқы кезеңінде тірі организмді тәжірибелер арқылы бақылау болмады. Дегенмен, Арстолтель мен Гиппократтың кейбір функциялар туралы ұғымдары дұырс бағытталған. Бұл ғұламалардың беделінің күштілігіне байланысты, жүздеген жылдар бойы олардың ілімдері ескертусіз сақталған.
Тәжірибелік физиологияның қалыптасуы римдік дәрігер Клавдий Гален (129-201) тұңғыш рет қолданған вивисекциялық (тірідей тілу) тәсілдерінен басталады. Оның жасаған тәжірибелері бірнеше ғасырларға созылған қағидалардың негізін құрады.
Организмінің тіршілік іс-әрекетін бақылау және тәірибелер арқылы ұғынатын ғылым ретінде физилогия 16-18 ғғ. арасында қалыптасты.
Физиологияның дамуының екінші кезенің 1628 жылдан бастап санадйы. Осы жылы ағылшын ғалымы, дәрігер Уильям Гарвей (1596-1650) өзінің « Жүрек пен қан қозғалысының анатомиялық зерттеулері» деген ғылыми еңбегін басып шығарды. Осы еңбекте тірі организмдерге жаслаған тәжірибелердің нәтижесінде қан айналымы туралы бұрынғы бірсыпыра теріс ұғымдарды әшкереледі. Ол ғылыми зерттеулерге вивисекциялық әдісін кеңінен енгізді. Осы тәсілдер арқылы теріні, ағзаларды, тканьдерді ашып, олардың қызметін бақылауға тікелей мүмкіндік туды. Сөйтіп жануарлар физилогиясының негізгі бастамасы деп саналатын У.Гарвей ашқан қан айналымының желісі осы кезде де өзгерусіз қолданылады.
Гарвей жаңалықтарынан кейін оргаизмінің функцияларын тәжірибе арқылы зерттеу көбейіп, физилогияның екінші даму кезеңінде көптеген жаңа ғылыми мәліметтер анықталды. Оған қоса, бұл кезде физика, химия ғылымдары күшті дамып, олардың жаңа зерттеу әдістері мен жетістіктері физилогияға кеңінен пайдаланылды.
Физиологияның осы даму кезеңіне зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов болды. Ол 1748 жылы тұңғыш рет жаратылыстанудың негізгі материя мен энергия сақталу заңын ұсынды. Ол түрлі түсті ажырату теориясын және дәм сезудің қазіргі қайталанып отырған жіктерін (классификациясын) жасады.
18 ғ. аяғында итальян физигі Луиджи Гальвани ткандерьдегі электр құбылысын ашты. Оның тәдірибелері кейін физиологияның үрдіс дамыған электрофизиология саласының іргесін қалады.
Бұл кезеңде әр елде бірнеше бағытпен физиологиялық ғылыми мектептер пайда болып, көптеген түбегейлі жаңалықтар пайда болды. Әсіресе жүйке, ет жүйесі жете зерттеліп, рефлекс туралы алғашқы ұғымдар қалыптасты. Физиологияның жедел дамуына орыс ғалымдарының көрнекті еңбектері ықпалын тигізді. Олардың ішінде атақты физилогтар И.М.Сеченов (1829-1905) пен И.П.Павлов (1894-1936) ерекше орын алды.
Ғылым тарихында « Орыс физиологяисының атасы» деп танылған И.М.Сеченовббірінші болып қандағы еріген газдарды шығарып алып талдау жасалды, тірі организмдегі әртүрлі иондардың қызметін анықтады, орталық жүйке жүйесіндегі қозудың жиынтықтау белгілерін көрсетті. Сонымен бірге ол ғылымның жаң бағыты – еңбек физиологиясының негізін салушы. Оның бұлшықеттің жиырылуы, қажуы және белсенді тынығу туралы ілім әлі өз маңызын жойған жоқ. Орыс ғылымының даңқын алғашқы шығарған И.М.Сеченов ашқан- орталық жүйке жүйесіндегі тежелу. Өйткені, бұл рефлектік қағиданы жаңа тұрғыдан бағалап, орталық жүйке жүйесі туралы ілімді түпкілікті өзгертуге мүмкіндік туғызды.
И.М.Сеченов «М рефлекстері» деген данышпандық шығармасында тұңғыш рет психикалық іс-әрекеттің физиологиялық негіздерін көрсетті. Сөйтіп, ол табиғаттың ең күрделі кұбылысы санаға талдау жасады.
И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың жүйелі еңбектерінің нәтижесінде, олардың ғылыми мектептері бүкіл әлемге әйгілі болып, алдыңғы қатардағы физиологиялық ой-өрісінің орталығына айналды. Сөйтіп, физиология даму тарихының үшінші, Павловтың кейінгі кезеңі басталды. Оның алғашқы еңбектері қан айналымыныңмреттелу механизмдеріне арналды. Ол жүрек қызметін реттейтін үш түрлі жүйке талшықтарының болатындығын анықтады. Бұл зерттеуінде ол физиология тарихында тұңғыш ретжүйкенің жүрек етіне нәрлендіру (трофикалық) әсерін тапты.
И.П.Павлов жүрек-тамыр жүйесін тексерумен қатар ас қорыту физилогиясын зерттеді. Ол көптеген жаңа тәжірибе хирургия әдістерін енгізіп, бүкіл ас қорыту ьездерінің тікелей жүйке жүйесі қатысуымен қызмет атқаруын дәлелдеп берді. Ас қорыту бездерінің жүйке жүйесі қатысу арқасындаған тамақтың әртүрлі құрамы мен мөлшеріне лайықты икемделетін көрсетті. Осы ас қорыту жүйесі саласындағы еңбектері үшін 1904 И.П.Павловқа дүние жүзілік Нобель сыйлығы берілді.
И.П.Павловтың зерттеулерінің екінші бір маңызды жағы орта организмді жеке ағзалардың жай ғана жиынтығы емес сыртқы ортамен тығыз байланыста қызмет атқаратын толық біртұтас жүйе ретіндеқарауы. Ол организмнің қоршаған ортамен өзара байланысы оның құбылмалы жағдайлары жоғары жүйке іс-әрекеті арқылы атқарылатынын дәлелдеді. И.П.Павлов шәкірттерімен бірге физиологиялық хирургия немесе созылмалы тәжірибелік әдісін дамытты. Ол әдіс ағзалардың қызметін сау тұтас организм жағдайында, оның физиологиялық процестерін табиғи қалпында синтездік зерттеуге қолайлы болды. И.П.Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісі организмнің мінез-әрекетінің негізін қалаушы психикалық әсерленістердітексеруге мүмкіндік берді. Әсіресе, шартты рефлекстердің қалыптасу мен тежелу заңдылықтары жоғары жүйке іс-әрекетінің типтері, олардың тәжірибеліе неврозда бұзылуы, ұйқы, гипноз, сигналдық жүйелердің басым негіздері анықталды.
Соның нәтижесінде жоғары жүйке іс-әрекеті туралы материалистік ілім қалыптасты.
И.П.Павловқа 1935 ж. Халықаралық 15 физилогиялық конгресс «дүние жүзі физиологтарының атасы» деген құрметті атақ берді.
И.П. Павлов көптеген шәкірттер даярлады. Олар кейін физиологиялық жаңа ғылыми бағыттарын жасап, маңызды жаңалықтар ашты.
3. Біртұтас организмнің жұмыс істеуінің жалпы принциптері: корреляция, реттелуі, рефлекс және өзіндік реттелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |