1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы



бет16/23
Дата07.02.2024
өлшемі69.68 Kb.
#491096
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
1РК Физио группамен (1)

1. Қозу табалдырығы – қозу үрдісін (яғни минималды жауап реакциясын) тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз мөлшерін айтады.
2. Реобаза – қозу тудыратын токтың минималды күші (Вольт).
3. Пайдалы уақыт – ең аз уақыт, яғни осы уақыт аралығындағы табалдырық күшінің тітіркендіргіш стимул әсерінің бір реобазасы.
4. Хронаксия – тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыты.
5. Аккомодация – қозғыш тіннің ток күші үдеуіне бейімделуі.
6. Лабилдік – тітіркендіру жиілігіне сәйкес бір секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады.
- жүйке тіні: - 500-1000 имп/сек;
- абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 1-2 мсек.
- бұлшықет: - 250-330 имп/сек;
- абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 4-5 мсек
- синапс: - 100-125 имп/сек;
- абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 8-10 мсек.

19. Биопотенциалдардың пайда болу теориялары және олардың табиғаты туралы қазіргі түсінік.


Тін қозған кезде мембраналық потенциалдан,әрекет потенциалына ауысады.Тірі организмде потенциалдың түрлері көп,оның ішінде ӘП,МП жақсы зерттелген.
Биопотенциалдардың ашылу тарихында көптеген ғалымдар зертеулер жүргізген.Соның бірі Л.Гальвани.1789 жылы электр құбылысты сипатау барысында тәжірибеге индикатор ретінде терісі сыдырылған бақа омыртқасының сирақтарын пайдаланған.Бұл препаратты балконға жүйкесін іліп қойған.Жел соғып,қимылдаған кезде темір жақтаулары препаратқа тиіп қимылдағанын байқаған.Іс-жүзінде пайдалану үшін мыс пен темір кесіндісін пайдаланған.ЕКі металдан доға жасап,оған жүйкені ілгенде реоскопты шайқалтқан.Ресокоп темір кесіндісіне тиген сайын сирақтары қимылдаған.Гальвани бұл еңбегін айтқан кезде физик Вольт сирақтардың қимылдауы екі металл арасындағы электр күшінің тартылысы деп айтқан болатын.Сондықтан Гальвани 2-ші рет тәжірибе жасады.Бұл тәжірибесніде ешқандай металл пайдаланған жоқ.Шонданай жүйкесі мен балтыр етінен анатомиялық препарат дайындады.Балтырдың кесілген және кесілмеген жеріне пайған кезде жиырылғанын байқады.Осы 2-ші тәжірибесі арқылы электр тогының болатынын дәлелдеді.Кейін
1838 жылы Маттеучи бұлшықеттің кесілген және кесілмеген жерінде потенциал айырымы болатын,2 түрлі зарядтыың болатынын ашты.Бұл зарядты тыныштық тогы деп атады.Маттеучи бұлшықеттің сыртқы бетін оң зарядты,ал ішкі бетін теріс зарядты болатын ашты.
Кейін 1848 жылы Дюбуа-Реймон тыныштық тогының теріс толқыны атты тәжірибесін жасады.Бұл тәжірибеде тіннің қозған жері мен қозбаған жерін салыстырғанда теріс зарядтың сол тіннің бойымен тарайтынын ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет