1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Мембраналық потенциал дегеніміз



бет67/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Мембраналық потенциал дегеніміз – протоплазма потенциалымен жасушаның сыртқы бетіндегі потенциалдар арасындағы айырмашылық. Тірі жасушаның қайсысында болсын мембраналық потенциал болады. Жасушаның тіршілігі жойылған сәтте мембраналық потенциал жойылады. Қозу процесі пайда болған сәтте туатын потенциал - әрекет потенциалы (ӘП). Қозуды өлшем мембрананың қызметі жүйкеге ұзақ уақыт күшті химиялық тітіркендіргіштер әсер етсе оның қозғыштық қасиеті, лабилділігі төмендейді. Оны парабиоз деп атайды. Парабиоз грек сөзі (рага - жуық, жақын, bіоs - өмір, тіршілік) Өмір мен өлім арасындағы жағдай деген мағынаны білдіреді.
58.Денедегі май алмасу, олардың маңызы.


Майлардың маңызы:
• жасуша мембранасының құрамына енеді;
• кейбір витаминдер еріткіші;
• қорғаныс қызметі (дене қорғанысы, суық тию).
Ағзада май дене салмағына байланысты 10-20% тен. Майдың алмасуы бұзылып, адамды май басқанда оның мөлшері 50%-ке жетеді. Май негізінен ішектен лимфаға және өте аз мөлшерде қанға да араласып, сінеді. Араласып сіңген май тікелей май ұлпасына барады.
Май алмасуда бауырдың қызметі күшті. Ағзаға май жетіспеген жағдайда ол көмір сутегін түзілу арқылы майға айналдырады.
Май алмасуының реттелуі. Май алмасуын реттейтін арнайы орталық гипоталамуста орналасқан. Осы орталықтың төменгі — ішкі ядросы зақымданса, адам (жануар) семіріп кетеді, ал төменгі — сыртқы ядросы зақымданса, керісінше, азады (кахексия). Гипоталамус денеге вегетативтік жүйке жүйесімен.ішкі секреция бездері арқылы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесі
денедегі май қорының жұмсалу және тотыру қарқынынкүшейтеді. Бұл үйқоянына тәжірибе жасау арқылы дәлелденді. Оның майы әдетте жауырын астына жиналады. Жүйке сегментінің бір жағында-ғы симпатикалық жүйкелерді кесіп тастап (десимпатизация) жа-нуарды ашықтырса, денедегі барлық май жұмсалғанмен, симпа-тикалық жүйке кесілген жердегі май көпке дейін сақталады (жұмсалмайды). Парасимпатикалық жүйке жүйесі май алмасу-ына керісінше әсер етеді. Гипоталамустағы орталыққа, оныңқыз-метіне жоғары жүйке жүйесі және
эмоция тудыратын лимбиялық жүйе ықпал етеді. Ішкі секреция бездерінің гормондары да май алмасуын реттеуге қатысады.
59.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.
Өкпенің тіршілік немесе өмірлік сыйымдылығы — ішке дем толық тартқаннан кейін тыныс жолдарынан толығымен шығатын ауа көлемін сипаттайтын сыртқы дем алу көрсеткіші.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады.
Әйелдер өкпесінің тіршілік сыйымдылығын орташа есеппен алғанда 3000-3500 мл, ер адамдарда 3500-4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000—7500 мл-ге дейін жетеді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір тыныс алғанда жөне әрбір тыныс шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық депаталады.
Адам қалыпты тыныс алып, артынша терең тыныс алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.
Адам қалыпты тыныс шығарып, артынша терең тыныс шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тынысшығарудың қосымша сыйымдылығы депаталады.
Қаншама терең тыныс шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылыгы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет